нобай|303px|(21) Лютеция қозғалысының анимациясы (21) Лютеция — Негізгі белдеудегі ірі тасты-металды астероид.

Оны 1852 жылы 15 қарашада Герман Гольдшмидт Парижде ашты. Лютеция — бұл Париждің орнында болған ежелгі елді мекеннің атауы. (21) Лютеция — әуесқой астроном ашқан алғашқы астероид.

Зерттелуі (21) Лютеция Розетта ғарыш кемесі жақыннан зерттеген үш нысанының бірі болды.

2010 жылдың шілдесінде Розетта астероидтан 3162 шақырым қашықтықта өтіп, жалпы алғанда 462 фотография жасады. Алайда олар астероид бетінің тек жартысын ғана көрсетеді. thumb|450px|center|Лютециянің Күн жүйесіндегі орны Бетіндегі құрылымдары Розетта жасаған фотоларда астероидтың 600 метрден 55 шақырымға дейін жететін 350 кратерін байқауға болады. Ең үлкендеріне Рим империясына кірген қалалардың аттары берілген, себебі Лютециянің өзі сондай қалалардың бірі болды. Кратерлердің арасында Рим, Массалия, Флоренция, Патавиум, Бурдигала, Сиракузы сияқтылар бар. нобай|солға|200px| Сондай-ақ үш шұқырға және арнаға ұқсас екі құрылымға римдік өзендердің атаулары берілді: сәйкесінше Данувиус, Галликум, Сарнус және Гиберус пен Секвана. Дереккөздер

Тағы қараңыз Астероидтар тізімі (1—100) Жақыннан зерттелген астероидтар мен кометалар тізімі Санат:Астероидтар