Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі — үкімет құрамына енетін, Қазақстандағы су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру және ирригация аясындағы бақылау салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға, басқару процестерін үйлестірудегі басшылыққа жауапты министрлік.
Тарихы 2023 жылдың 1 қыркүйегінде президент Тоқаев Ұлттық гидрогеология қызметін қайта құрып, "Қазсушар", "Нұра топтық су құбыры" және басқа да нысандарды жаңартып, реформалап, Су ресурстары және ирригация министрлігінің құруды ұсынды. Министрлік сол күні, Көлік, Өнеркәсіп және құрылыс, Мәдениет және ақпарат және де Туризм және спорт министрліктерімен қатар құрылды.
Міндеттері 2023 жылдың қыркүйегінде күшке енген министрлікті құру жайлы жарлықта оның Экология және табиғи ресурстар министрлігінен су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы функциялар мен өкілеттіктерді алғаны айтылған.
Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми сайтында оның міндеттері қатарына су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру және ирригация аясындағы бақылау салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру және басқару процестерін үйлестірудегі басшылықты жүзеге асыру жатқызылған.
Құрылымы Министрліктің 2 ведомствосы бар: Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті Су шаруашылығы комитеті
Қарамағындағы ұйымдар «Қазақ Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институты» КеАҚ «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметі» КеАҚ «Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС «Қазсушар» ШЖҚ РМК «Су ресурстары ақпараттық-талдау орталығы» КеАҚ «SK Water Solutions» ЖШС
Министрлер тізімі №СуретіАты-жөні Қызметі ПартиясыҮкімет басшысыҚазақ КСР Экология және табиғатты пайдалану жөніндегі мемлекеттік комитеті (1990–1992)199pxАнатолий Дубицкий28 маусым19911992белгісізТерещенкоЭкология және биоресурстар министрлігі (1992–1997)199pxСвятослав Медведев19921995белгісізТерещенкоҚажыгелдин299pxНиколай Баевқазан1995қазан1997белгісізҚажыгелдинЭкология және табиғи ресурстар министрлігі (1997–1999)199pxСерікбек Дәукеев19971999белгісізБалғымбаевТоқаев?Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі (1999–2002)199pxСерікбек Дәукеев199922 желтоқсан2000белгісізТоқаев299pxАндар Шоқпытов22 желтоқсан2000тамыз2002ПартиясызТоқаевТасмағамбетовҚоршаған ортаны қорғау министрлігі (2002–2013)199pxАйткүл Самақоватамыз2002қаңтар2006белгісізТасмағамбетовДаниал Ахметов299pxКамалтин Мұхамеджанов19 қаңтар200628 наурыз2006белгісізДаниал Ахметов399pxНұрлан Ысқақов3 сәуір20064 наурыз2009белгісізДаниал АхметовМәсімов I499pxНұрғали Әшім4 наурыз200914 қаңтар2012белгісізМәсімов I599pxНұрлан Қапаров20 қаңтар201211 қараша2013белгісізМәсімов IСерік АхметовҚоршаған орта және су ресурстары министрлігі (2013–2014)199pxНұрлан Қапаров11 қараша20136 сәуір2014белгісізСерік АхметовМәсімов IIЭкология, геология және табиғи ресурстар министрлігі (2019–2023)199pxМағзұм Мырзағалиев17 маусым20199 қыркүйек2021белгісізМамин IМамин II299pxСерікқали Брекешев10 қыркүйек20214 қаңтар2023ПартиясызМамин IIСмайылов IЭкология және табиғи ресурстар министрлігі (2023)199pxЗүлфия Сүлейменова4 қаңтар20231 қыркүйек2023АманатСмайылов IСмайылов IIСу ресурстары және ирригация министрлігі (2023–)199pxНұржан Нұржігітов4 қыркүйек2023—белгісізСмайылов IIБектенов
Қосымша ақпарат
Дереккөздер
С Санат:Су шаруашылығы министрліктері