Чига (бачига, бакига, кига) - Уганда халықтарының бірі. Солтүстік Руандада да тұрады. Халық саны 1,7 млн.(2002 ж.) адам.

Тілі Тілі - кига (ручига) тілі.

Діні Сенушілердің көпшілігі христиандар, негізінен католиктер (50%) және англикандар (40%), сондай-ақ дәстүрлі нанымдарды ұстанушылар бар.

Кәсібі Негізгі дәстүрлі кәсіптері қолмен атқарылатын егіншілік (тары, құмай, бұршақ тұқымдастар), ірі қара мал шаруашылығы (ешкі, қой). Кей топтар көшпелі мал шаруашылығымен айналысатындар (малшылар). Керамика, ұсталық, омарташылық, тоқымашылық, ағаш ою өнері дамыған.

Тұрмыс салты Туыстық-қатынас патрилинейлік, неке патрилокальды, моногамдық, немере неке және үлкен патриархалдық отбасының рөлі (әсіресе неке қатынастарында) ішінара сақталған. Малшыларға тутсилер, хутулар және тваларға бөлінудің қалдықтары тән.

Дәстүрлі қоныстары шашыраңқы орналасқан. Тұрғын үйлері ара ұясы тәріздес, шөппен жабылған, дөңгелек пішінді. Көп әйелді отбасыларда әр әйелдің өз үйі мен жері болды. Қазіргі уақытта еуропалық үлгідегі төртбұрышты ғимараттар басым.

Дәстүрлі киімдері Руандалар киіміне жақын.

Дереккөздер

Санат:Уганда халықтары Санат:Руанда халықтары