Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті — тілдерді дамыту саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ведомствосы.

Тарихы Алғаш рет Тiл комитетi 1993 жылы ҚР Министрлер Кабинетiнiң жанынан құрылды.Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанында Тiл комитетiн құру туралы 1995 жылы Тiл комитетi негiзiнде ҚР Ұлттық саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi құрылды.Қазақстан Республикасының Ұлт саясаты жөнiндегi мемлекеттiк комитетiн құру туралы 1997 жылы таратылып, ҚР Білім және мәдениет министрлігіне қосылды.

Тіл комитеті қайтадан Үкіметтің 2005 жылғы 4 ақпандағы № 103 Қаулысына сәйкес ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің құрамында құрылды.Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3 2006 жылы ол ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне, 2010 жылы ҚР Мәдениет министрлігіне, 2012 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне, 2014 жылы наурызда ҚР Мәдениет министрлігіне беріліп, тамызда ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті болып құрылды. 2018 жылы ҚР Қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық келісім комитетінің бөлініп шығуына байланысты, Тіл саясаты комитеті болып өзгертілді. 2021 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігіне беріліп, 2022 жылы министрліктің екіге бөлінуіне байланысты ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қарамағына өтті.

Міндеттері тілдерді дамыту саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету мемлекеттік тілді дамыту, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында мемлекеттік тілдің қолданылуын қамтамасыз ету мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың Қазақстан Республикасының тілдер туралы заңнамасын іске асыру саласындағы қызметін үйлестіру тіл реформасын жүргізу, қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіруді қамтамасыз ету халықты мемлекеттік тілге оқытуды және Қазақстан халқының тілдерін үйретуді әдістемелік қамтамасыз ету мемлекеттік тілді ғылым тілі ретінде дамыту, терминологиялық жұмысты жүйелендіруҚазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитетінің ережесін бекіту туралы

Құрылымы Комитеттің 4 басқармаcы бар (2023 жылға): Тіл заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету басқармасы Тіл саясатын іске асыру басқармасы Лингвистикалық жұмыстар басқармасы Әдістемелік қамтамасыз ету басқармасы

Қарамағындағы мекемелер «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ

Төрағалары Сұлтан Оразалинов (1993 – 95) Георгий Ким Арыстанбек Нұрмаханұлы Нұрмаханов 2001-2004 жж. Шерубай Құрманбайұлы 2005-2006 Ерден Задаұлы Қажыбек (2006-2009) Ербол Шаймерденұлы 2008 қазан - 2010 сәуір Бауыржан Жұмаханұлы Омаров 2010—2011 Бауыржан Жұмаханұлы Омаров Мақсат Нұрлыбекұлы Сқақов 2012 - 2015 Данияр Таумұратұлы Таумұрат (2014-2015) Қуаныш Жұмабекұлы Асылов (2014-2017) Әділбек Күнесханұлы Қаба (09.2020-2022) Ербол Ердембекұлы Тілешов 2023 жылғы 27 наурыз

Дереккөздер

Т Санат:Тіл саясаты