Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті — Қазақстан Республикасының, Алматы қаласындағы жоғары оқу орны. 2001 жылы Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті (ҚазИТУ) деген атпен құрылған, 2022 жылғы қарашада МИТУ болып өзгертілген. Қазақстанның үздік жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингіне кіреді..
МИТУ-де техникалық, технологиялық, аграрлық, сондай-ақ экономикалық мамандықтардың бакалавриат, магистратура және докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша даярлау жүргізіледі.
Университетте 4000-нан астам студент оқиды.
Оқу және әкімшілік ғимараттар мен студенттер үйлері Академия қалашығында. орналасқан. 2023 жылдың соңына дейін жаңа оқу корпусы мен жаңа жатақхана ашу жоспарлануда..
Университетте Колледж жұмыс істейді, онда әртүрлі технологиялық, экономикалық және басқа мамандықтар бойынша оқыту жүргізіледі.
Университет құрылымы Басшылық Президент – Жұмағұлов Руслан Бақытжанұлы, экономика ғылымдарының докторы, Халықаралық Инженерлік Академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Инженерлік Академиясының академигі..
Ректор – Сәрсенбекова Гүлнар Әлібекқызы, қауымдастырылған профессор, философия ғылымдарының кандидаты.
Академиялық мәселелер және өндірістік практика жөніндегі проректор –Ақпанбетов Дархан Берікұлы, техника ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы Тау-кен ғылымдары Ұлттық Академиясының корреспондент-мүшесі.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Университеттің ресми сайты
Санат:Алматы университеттері