Роман Полански (, ; туған кездегі есімі — Раймунд Роман Тьерри Либлинг ; 8 тамыз, 1933, Париж, Франция) — поляк-француз кинорежиссері, сценарист, кинопродюсер және актер. Поланский Ұлыбританияда (1963 - 1967), АҚШ-та (1968 - 1976) және Францияда (1977 жылдан кейін) жұмыс істеді. Ол өзінің «Судағы пышақ» (1962) атты алғашқы толықметражды фильмін Польшада түсірді. Фильм "шет тіліндегі үздік фильм" «Оскар» номинациясына ие болды. Кинорежиссердің жеке өмірі қайғылы оқиғаларға толы болды. Поланскийдің өміріндегі бетбұрыс 1969 жылы оның жүкті әйелі, актриса Шэрон Тейтті "Мэнсон отбасы мүшелері" аяусыз өлтірген кезде болды. 1977 жылы 13 жастағы американдық модель Саманта Гейли оны зорлады деп айыптады. 1978 жылы 31 қаңтарда сот үкімін күтпестен режиссер АҚШ-тан Лондонға, содан кейін Францияға қашып кетті.

Дереккөздер

Санат:Үздік режиссёр үшін Оскар сыйлығының иегерлері Санат:Алтын глобус сыйлығының иегерлері Санат:Алтын пальма бұтағы сыйлығының иегерлері (режиссёрлер) Санат:Сезар сыйлығының иегерлері Санат:Давид ди Донателло сыйлығының иегерлері