Успантектер — Гватемалада тұратын үндіс халқы. Майялардан тарайды.

Тілі Тілі — успантек тілі.

Діні Дінге сенушілердің діни байланысы: католиктер.

Кәсібі Дәстүрлі кәсіптерге қолмен атқарылатын егіншілік (жүгері, бұршақ, бұрыш, көкөністер), мал шаруашылығы (шошқа, қой), құс шаруашылығы (асыл тұқымды тауық, күркетауық) және қолөнер (иіру, тоқу, жіптер мен маталарды бояу, кесте тігу, керамика, зергерлік бұйымдар жасау) жатады.

Тұрмыс салты Тұрғын үйлері — тік бұрышты, бір бөлмелі, саман немесе қамыс, едені топырақ, шатырылы төбесі бар.

Әйелдер киімі — тігіссіз қара көк немесе қызыл түсті белдемше, денесіне бірнеше рет оралып, белдікпен немесе орамалмен байланған, басына немесе иығына лақтырылған орамал. Ерлер киімі — жейде, кең қысқа шалбар немесе тоқылған белбеумен байланған тізеге дейін белдемше, жүннен тоқылған күртеше, сандал. Киім әр ауылда ерекшеленетін өзіне тән ою-өрнекпен безендірілген.

Дереккөздер

Санат:Солтүстік Америка үндістері Санат:Гватемала этникалық топтары