Тілеухан Серікбайұлы Намазбаев (10.9.1948 жылы туған,Алматы облысы Кербұлақ ауданы Қоғалы ауылы) – ғалым, техника ғылымдарының докторы (2006). Өмірбаяны Қазақ политехникалық институтын (1972, қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) бітірген. 1977–2005 жылдары Қазақстан Ғылым Акакдемиясының химия-металлургия институтында қызметкер, «Қазақстан қара металлургия автоматика» АҚ-да бригада жетекшісі, лаборатория меңгерушісі, бөлім бастығы, директордың орынбасары болды. 2005 жылдан директоры қызметін атқарады. 2005 жылы «Новые методы контроля и управления технологическими процессами в металлургии» Новые методы контроля и управления технологическими процессами в металлургии тақырыбында докторантуралық диссертация қорғады.
Ғылыми еңбектері Негізгі ғылыми еңбектері металлургиядағы технология процестерді басқару мен бақылаудың жаңа әдістерін табу мәселелеріне арналған. 100-ден астам ғылыми еңбек пен 40-тан астам өнертабыстың авторы. ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері (2005).Қазақ Энциклопедиясы Дереккөздер
Сілтемелер 2005 жылғы лауреаттар Баспахана Ғылым Техника Қазақстан
Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:1948 жылы туғандар