Қазақстан Жоғарғы Кеңесі — 1991–1995 жылдардағы Қазақстанның бірпалаталы парламенті, заң шығарушы органы және ең жоғары өкілді органы. 1991 жылғы 10 желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің орнын алып, 1993 жылғы 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясын қабылдады. Осы кезеңде Жоғарғы Кеңес өз мүшелерін посткеңестік Қазақстанда алғаш рет өткізілген 1994 жылғы парламент сайлауында сайлады. 1995 жылғы 11 наурызда Конституциялық сот қазақстандық журналист Татьяна Квятковскаяның пайдасына дауыс саны бұрмаланды деп айыпталған сол сайлаудың нәтижелерін жоққа шығарып, Президент Жарлығымен Жоғарғы Кеңес таратылды. Кейін оның орнына 1995 жылғы Конституциялық референдумнан кейін құрылған екіпалаталы Қазақстан Парламенті келді.
Құқықтары және міндеттері 1993 жылғы Конституция бойынша Жоғарғы Кеңес Конституцияны, заңдар және өзге де шешімдер қабылдайды, орындалуын бақылайды, ел шекарасын, әкімшілік-аймақтық құрылысты, республикалық бюджет, салық пен елдегі ақша жүйесін белгілейді, референдум өткізу туралы шешім қабылдайды, Қазақстан президентінің Премьер-министрді, оның орынбасарларын, Қазақстан сыртқы істер, қорғаныс, қаржы, ішкі істері министрлерін, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын және дипломатиялық өкілдіктерінің басшыларын тағайындауына келісім береді, Конституциялық Сотты сайлайды, Бас прокурорды, Ұлттық банк төрағасын тағайындайды және өзге де қызмет атқарады.
Төрағасы Жоғарғы Кеңес төрағасын бірінші сессияда Кеңестің мемлекеттік тілді меңгерген депутаттары арасынан жасырын дауыс беру арқылы депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен сайлайды. Төраға Жоғарғы Кеңес сессияларын ашады, мәжілістерінде төрағалық етеді, Жоғарғы Кеңеске өзінің орынбасарларына үміткерлер ұсынады және Кеңес атынан парламентаралық келісімдерге қол қояды.
Төраға орынбасарлары Төрағаның уәкілдік беруімен оның жекелеген міндеттерін атқарады және Төраға болмаған немесе ол өз міндеттерін жүзеге асыруы мүмкін болмаған ретте оның міндетін атқарады. Олардың кандидатурасын Төраға ұсынады және Кеңестің өзін мақұлдайды.
Төрағалар тізімі Реті Суреті Аты-жөніҚызметіПартиясы 1 163x163px Серікболсын Әбділдаұлы Әбділдин 11 желтоқсан1991 13 желтоқсан1993 Партиясыз 2 163x163px Әбіш Кекілбайұлы 20 сәуір1994 11 наурыз1995 Партиясыз
Сайланымдары Реті ҚұрылымыҚызметіТөрағасы Сайлауы 12 163x163px 25 наурыз1990 7 наурыз1994 Ерік Асанбаев 1990 Серікболсын Әбділдин 13 163x163px 7 наурыз1994 11 наурыз1995 Әбіш Кекілбайұлы 1994
Дереккөздер
Санат:Бұрынғы заң шығарушы органдар Санат:Қазақстан парламенті