Мишель Гондри (; 8 мамыр 1963, Версаль, Франция) — франиялық кинорежиссёр, сценарийші және кинопродюсер. Ол Чарли Кауфманмен бірлесіп сценарийін жазған және «Үздік түпнұсқалық сценарий» номинациясында «Оскар» сыйлығын иеленген «Кіршіксіз сананың мәңгілік шұғыласы» (Eternal Sunshine of the Spotless Mind, 2004) фильмінің режиссері ретінде кеңінен танымал.

Гондри көптеген музыкалық бейнебаяндардың режиссері атанды. Соның ішінде 1993 жылғы «Human Behaviour» және 1997 жылғы «Bachelorette» (екеуі де Бьоркке тиесілі) туындылары үшін «Үздік музыкалық бейнебаян» номинациясында «Грэмми» сыйлығына ұсынылды. Сонымен қатар, ол The White Stripes тобы үшін де бірнеше бейнебаян түсірген.

Фильмография

Бейнеклиптер

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Санат:Үздік түпнұсқалық сценарий үшін Оскар сыйлығының иегерлері