Жетісу — Жетісу облысы Ескелді ауданында, Төлеңгіт ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Қарабұлақ ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 7 км-дей жерде, Талдықорған — Текелі автомобиль магистралі бойында, бетеге, боз, жусан, көде өскен қара топырақты қоңыржай-ылғалды агроклиматтық белдемде орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен15651576 1465 93 779 737 94,6 797 728 91,3

Тарихы Іргесі 1951 жылы осы маңда қызылша өсіруге маманданған “Жетісу” ұжымшарын ұйымдастыруға байланысты қаланды. Оның негізінде Жетісуда 1997 жылдан “Екпінді”, “Жеңдік” шаруа қожалықтары мен “Жетісу” өндірістік кооперативі ұйымдастырылды.

Инфрақұрылымы Орта мектеп, емхана, мешіт, мәдениет үйі, т. б. бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Ескелді ауданы елді мекендері