Дәулетлі атырабы () — Түрікменстанның Лебап уәлаятындағы 2007-2022 жылдары болған бұрынғы атырабы. Әкімшілік орталығы — Жейхун кенті.

Тарихы 2007 жылдың тамызында жаңа игерілу аймақтарында — Жалаңқыз және Таллымержен алқаптарында құрылды. 2017 жылдың 25 қарашасында Түркіменстан парламенті таратқан Биік Түрікменбашы атырабының аумағы Дәулетлі атырабының құрамына енді.

2022 жылдың 9 қарашасында Дәулетлі атырабы жойылды. Сонымен бірге, Дәулетлі кенті мен оның әкімшілік бағынуындағы Ашқабад ауылы, сондай-ақ Берқарарлық, Қожақайран, Мирас, Бақташы, Таллымержен, Тазатұрмыс кеңесшіліктері Қожамбаз атырабына; ал Достық қаласы, Әмудария және Керкіші кенттері, Бұрғышы, Дашрабат, Сердар, Түрікменстан, Жалқым кеңесшіліктері Көйтендақ атырабына берілді.

Сілтеме Дүниежүзілік тарихи жоба

Дереккөздер

Санат:Лебап уәлаяты атыраптары Санат:Түрікменстанның таратылған атыраптары