A-29 — ұзындығы 100 километр болатын Қазақстан аумағындағы ақылы автомобиль жолы. E38 Еуропалық маршруты мен AH61 Азиялық маршрутының құрамдас бөлігі. Тас жол Орал қаласын Саратов қаласымен (Ресей Федерациясы) байланыстырады.
Маршруты + A-29 жолының маршруты Зашаған → Перемётное → Тасқала → РФ шекарасы
Сипаттамасы A-29 трассасы Зашаған кентінің тұсынан басталып, Қазақстан-Ресей шекарасында аяқталады. «Тасқала» өткізу бекеті арқылы Саратов қаласына қатынауға мүмкіндік бар.
20 қарашада жарияланған Республикалық маңызы бар Орал — Ресей Федерациясы шекарасы (Саратов) тас жолы ақылы болатыны туралы бұйрық 1 желтоқсанда күшіне енеді. Құжатқа сәйкес 98.9 км жолмен жүргендер төмендегідей сома төлейді: орын саны 16-дан аспайтын автобустар және 2.5 тоннаға дейін жүк көтеретін көліктер — 0.142 АЕК (489.9 теңге); орын саны 32-ден аспайтын автобустар және 5.5 тоннаға дейін жүк көтеретін көліктер — 0.284 АЕК (979.8 теңге); орын саны 32-ден көп автобустар және 10 тоннаға дейін жүк көтеретін көліктер — 0.426 АЕК (1469.7 теңге); 10 тоннадан 15 тоннаға дейін жүк көтеретін көліктер — 0.568 АЕК (1959.6 теңге); тіркемесі бар жүк көліктері мен ершікті тартқыштарды қоса алғанда, 15 тоннадан ауыр жүк көтеретін машиналар — 0.71 АЕК (2 449.5 теңге). Ақылы жолға іргелес елді мекен тұрғындары 1-5 АЕК (2023 жылы 3450-17250 теңге) шамасында болатын айлық абонемент немесе 12-60 АЕК (41 400-207 000 теңге) тұратын жылдық абонемент сатып алса болады.Орал — РФ шекарасы (Саратов) тас жолы ақылы болады
Қайта жаңғырту жұмыстары Тас жол 2018 жылы толық реконструкциялаудан өткізілген.БҚО дағы автожолдардың екі учаскесінде жол жүру тарифі енгізілді
Дереккөздер
Санат:Қазақстан жолдары