Грета Селеста Гервиг (; 4 тамыз, 1983, Сакраменто, Калифорния, АҚШ) — америкалық кинорежиссёр, сценарийші, кинопродюсер және актриса. Гервигтің режиссер және актриса ретіндегі алғашқы жетістіктері мамблкор жанрындағы бірнеше фильмдер болды. Содан бері ол актриса және тәуелсіз кинорежиссер ретінде мансабынан ірі студиялардың режиссурасына көшті. 2018 жылы Гервиг «Time» журналы нұсқасы бойынша «Әлемдегі ең ықпалды 100 адамның» жыл сайынғы тізіміне енді. Оның жаңа режиссерлік жұмысы - «Барби» фантастикалық комедиясы (2023), бүкіл әлемде 1 миллиардтан астам доллар жинаған әйел режиссердің алғашқы фильмі болды.

Таңдаулы фильмдері Режиссёр 2008 - Түндер мен демалыс күндері / Nights and Weekends 2017 - Леди Бёрд / Lady Bird 2019 - Кішкентай әйелдер / Little Women 2023 - Барби / Barbie

Актриса 2010 - Гринберг / Greenberg — Флоренс Марр 2011 - Ешқандай міндеттемелерсіз / No Strings Attached — Патрис 2011 - Қиындықтағы қыздар / Damsels in Distress — Вайолет Уистер 2012 - Римге махаббатпен / To Rome with Love — Салли 2012 - Фрэнсис Ха / Frances Ha — Фрэнсис Халладей 2016 - XX ғасырдағы әйелдер / 20th Century Women — Эбигейл «Эбби» Портер

Дереккөздер