Ербол Абылайұлы Оспанов (9 маусым 1955, Өскемен, Қазақ КСР) — қазақстандық ұшқыш, әуе кемесінің командирі. Қазақстан Республикасы Президенті флотының бас ұшқышы (1992-2009).

Өмірбаяны 1955 жылы 9 маусымда Өскемен қаласында дүниеге келген.

Ұшқыш мансабын 1972 жылы Ресейдегі Краснокутск ұшу мектебінде кадет офицері ретінде бастады.

1985 жылы инженер-ұшқыш біліктілігін алып, Ленинградтағы Азаматтық авиация академиясының командалық бөлімін бітірді. 2002 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің заңгер мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алды.

Еңбек жолын 1974 жылы Өскемен Біріккен авиациялық жасағының Ан-2 ұшағында екінші ұшқыш болып бастады.

1992-2009 жылдары — Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Ту-154, Боинг-747, Боинг-767 ұшақтарында экипажының бас ұшқышы, директордың ұшуға қызмет көрсету жөніндегі орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басқармасы «Бүркіт» мемлекеттік әуе компаниясының Боинг-757, 767 командирі, бас ұшқышы, «Orient Eagle Airways» АҚ ұшу қауіпсіздігі инспекциясының басшысы.

2005-2018 жылдары — «Air Astana» АҚ вице-президенті болды.

2018-2020 жылдары — Boeing 757/767 «Air Astana» ұшағының командирі болды.

Марапаттары Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 13 тамыздағы Жарлығымен мемлекет алдындағы ерекше қызметі және кәсіби шеберлігінің жоғары деңгейі үшін 2-дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды. Құрмет ордені (2006) «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі (2001) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Алғыс хатымен марапатталған. Қазақстан Республикасының үкіметтік пен мерейтойлық медальдары және т.б.

Дереккөздер

Санат:КСРО ұшқыштары Санат:Қазақстан ұшқыштары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Санкт-Петербург азаматтық авиация университетінің түлектері