Томас (Том) Джордж Хупер (; ,Births, Marriages & Deaths Index of England & Wales, 1916–2005. 5d: 2485. Лондон, Ұлыбритания) — британдық кинорежиссёр, сценарийші және кинопродюсер. «Патшаның сөзі» фильмі үшін Үздік режиссер номинациясы бойынша «Оскар» лауреаты (2011).
Өмірбаяны Том Хупер 1972 жылы Лондонда Мередит пен Ричард Хупердің отбасында дүниеге келген. Мередит аустралиялық жазушы және мұғалім, ал Ричард ағылшын кәсіпкері болды. Хупер Хайгейт (Highgate School) және Вестминстер (Westminster School) мектептерінде білім алған.
13 жасында ол ағасы сыйға тартқан 16 мм «Bolex» камерасына өзінің «Боялған беттер» атты алғашқы қысқаметражды фильмін түсірді. Фильм 1992 жылы «Channel 4» арнасыда көрсетілді. Фильмнің өндірісін кинорежиссёр Пол Уайланд жартылай қаржыландырды.
2009 жылы «Лидс Юнайтед» футбол клубының тарихын баяндайтын «Қарғыс Юнайтед» фильмі шықты. 2010 жылы Хупер «Патшаның сөзі» фильмін басқарды, ол төрт «Оскар», соның ішінде «Үздік фильм» жүлдесін жеңіп алды. Хупердің өзі «Үздік режиссер» номинациясында «Оскар» алды.
Фильмография толықметражды фильмдер Жыл Қазақша аты Түпкі аты 2004 Қызыл шаң Red Dust 2009 Қарғыс Юнайтед The Damned United 2010 Патшаның сөзі The King's Speech 2012 Аласталғандар Les Misérables 2015 Даниялық қыз The Danish Girl 2019 Мысықтар Cats
Дереккөздер
Санат:Үздік режиссёр үшін Оскар сыйлығының иегерлері Санат:Тәуелсіз рух сыйлығының иегерлері Санат:Алтын таңқурай сыйлығының иегерлері Санат:Эмми сыйлығының иегерлері