Асқар Ахметұлы Мусинов (11 сәуір 1961, Алматы – 10 ақпан 2024) – қазақ дипломаты, 2024 жылдан бері Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының Бас директоры.

Өмірбаяны 1984 жылы А.А. Жданов атындағы Ленинград мемлекеттік университетінің "шығыстанушы-филолог" мамандығын бітірген.

1984-1987 – Ливиядағы әскери аудармашы; 1987-1991 – Қазақ КСР Сыртқы істер министрлігінің екінші, бірінші хатшысы; 1991-1992 – Ресей Федерациясының Сауд Арабиясындағы Елшілігінің екінші хатшысы; 1993 – Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының халықаралық бөлімінің аға референті; 1993-1996 – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Консулдық басқармасының бастығы; 1996 – Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы Елшілігінің бірінші хатшысы – консулдық бөлімнің меңгерушісі; 1996-1997 – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Бас консулдық басқармасының бастығы, Консулдық қызмет департаментінің директоры; 12.1997-09.1999 – Қазақстан Республикасы Президенті хаттамасының меңгерушісі; 09.1999-06.2002 – Қазақстан Республикасының Мысырдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі; 07.2002-06.2006 – Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі; 06.2006-05.2008 – Қазақстан Республикасының Бахрейндегі, Кувейттегі, Омандағы, Қатардағы, БАӘ-дегі Төтенше және Өкілетті Елшісі;https://adilet.zan.kz/rus/docs/U060000138_/compare 05.2008-06.2013 – Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі; 06.2013-06.2014 – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы; 07.2014-03.2016 – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары;https://kaz.inform.kz/news/askar-musinov-syrtky-ister-ministrinin-orynbasary-kyzmetine-tagayyndaldy_a2674876/ 2016-2018 жылдары – Ислам ынтымақтастық ұйымының Бас хатшылығының Бейбітшілік, қауіпсіздік және жанжалдарды шешу бөлімінің басшысы (2016 жылдан бастап)https://kaz.inform.kz/news/kazakstan-islam-aleminde-bilim-men-gylymdy-damyta-alatyn-aleuetke-ie-askar-musinov_a3473886/; 2018 жылдың 6 мамырында Дакка қаласында өткен Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің 45-ші сессиясында ИҰЫ Бас хатшысының ғылым және технологиялар жөніндегі орынбасары болып сайландыhttps://egemen.kz/article/168471-qazaqstandyq-diplomat-iyu-bas-khatshysynynh-orynbasary-bolyp-taghayyndaldy; 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап – Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының Бас директоры.https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/685141?lang=kk 2024 жылдың 10 ақпанында 62 жасында қайтыс болды.https://kaztag.kz/ru/news/umer-byvshiy-vitse-ministr-inostrannykh-del-kazakhstana-askar-musinov

Отбасы Әкесі Ахмет Оспанұлы Мұса мен Рената Серәліқызы Қожамқұлова – тіл білімі мамандары.

Әйелі – Жанар Жүсіпәліқызы Нөкетаеваhttps://russianemirates.com/content/re/781/1133/.

Еңбектері

Мусинов А.А. Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Таяу және Орта Шығыс: монография / А.А. Мусинов. – Алматы: Қазақ универ­ситеті, 2018. – 245 б.

Марапаттары Парасат ордені (2015) https://nomad.su/?a=3-201512150024 2-ші дәрежелі Достық ордені (2005)https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=31400275&pos=9;-29#pos=9;-29

Дереккөздер

Санат:Қазақстан дипломаттары Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері