Қарақұлжа () — Қырғызстанның Ош облысы аумағынан ағып өтетін өзен. Өзеннің ұзындығы 104 км. Су алабының ауданы — 1300 км².
Суын Ферғана жотасының оңтүстік-батыс беткейінен жинайды. Қарақұлжа – Қарадария өзенінің оң жақ бөлігі болып келеді. Өзен алабында Қарақұлжа ауылы орналасқан.
Санат:Сырдария су алабы Санат:Ош облысы өзендері Санат:Қырғызстан өзендері