Egov.Press — 2020 жылы іске қосылған қазақстандық үкіметтік емес петиция платформасы. Кейін жоба Alash Online атауымен жұмыс істеген. Платформа азаматтық бастамаларды жариялауға және оларды қолдау немесе оларға қарсы дауыс беруге арналған.Бауыржан Маханов. Петиции на сайте ALASH online практически ни на что не влияют. Так ли это? // SPIK.KZ, 17 қаңтар 2024 (қаралған күні: 3 қазан 2026).
2026 жылғы қазанда egov.press домені polites.news сайтына бағытталады.Egov.Press домені (қаралған күні: 3 қазан 2026). Polites News Орталық Азия мен әлем жаңалықтарын жариялайтын орыстілді басылым ретінде жұмыс істейді.О редакции // Polites News (қаралған күні: 3 қазан 2026).
Қызметі 2022 жылғы ақпанда Liter.kz жариялаған материалда сайт әкімшілігінің мәліметіне сүйеніп, жобаға бес адам қатысатыны және олардың қауіпсіздік мақсатында аты-жөнін жарияламағаны айтылған. Сол материалда петицияны қолдау үшін әлеуметтік желіде бөлісу тәсілі қолданылғаны көрсетілген.Жуман Кииков. Создают все, кому не лень: стоит ли верить петициям в Казахстане? // Liter.kz, 2 ақпан 2022 (қаралған күні: 3 қазан 2026).
Egov.Press мемлекеттік платформа болмаған: сайтта оның ақпараттық мақсатта жұмыс істейтіні ескертілген.Қазақстанда онлайн-петиция неге нәтиже бермейді? // Informburo.kz, 20 желтоқсан 2021. Alash Online сайтында жарияланған петициялардың заңды күші жоқ екені де көрсетілген. 2024 жылғы 4 сәуірде Қазақстанда петицияларды ресми түрде беруге арналған ePetition.kz платформасы іске қосылды.Сайт для подачи онлайн-петиций заработал в Казахстане. Как им пользоваться? // Informburo.kz, 4 сәуір 2024 (қаралған күні: 3 қазан 2026).
egov.press және alash.online сайттарында Қазақстанның ҰҚШҰ-дан шығуы,Kazakhstan reforms meet skepticism in shadow of Russia's warThe Shift in Kazakhstan Citizens’ Political Participation: Pre and Post the 2019 Political Transition нашақорларды «Метадон» препаратымен емдеуге қарсы,Stalled Scale-Up of Opioid Agonist Therapies for HIV Prevention in Kazakhstan: History, Policy, and Recommendations for Change мүгедектерге берілетін жәрдемақы көлемін ұлғайту, қазақ тілі орталықтарын ашу туралы петицияларЯзыковая политика Республики Казахстан как механизм конструирования новой национальной идентичности Южно-российский журнал социальных наук ғылыми мақалалар мен кітаптарда қарастырылған.Producing Cultural Change in Political Communities: The Impact of Populism and Extremism on the International Security Environment
2022 жылы egov.press сайты Қазақстанның аумағында сот шешімімен бұғатталғаннан кейін жоба alash.online доменіне көшті.Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі
Massaget.kz редакциясы alash.online сайтында көп дауыс жинаған бес петицияны қарастырған.Ең көп дауыс жинаған петициялар және олар мәселенің шешімі бола алды ма? 2022 жылғы 22 қаңтарда сайтта Қазақстандағы оқушы қыздарға орамал тағуға рұқсат беруді талап еткен петиция пайда болды. Бір күнде бастамаға 20 250 қол жиналып, 2 күннен кейін белгісіз себептермен сайттан жойылды.ПЕТИЦИЯ! КҮН САЙЫН БІР ШАҒЫМ ЖАЗЫЛАДЫ
Петициялар
Қазақстан астанасы туралы Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтанды Астана деп өзгерту туралы петицияға 223 101 адам қол қойды.Специальный отчет «Qazaqstan Shutdown 2022» Kazakstan: Will Nur-Sultan City Be Renamed?Nur-Sultan and Nazarbayev Avenues. Doubtful Intangible Heritage of the First President 2022 жылғы 15 қыркүйекте бұл ұсынысты қалалық мәслихат қолдап, депутаттар атауды өзгертуге дауыс берді. 2022 жылғы 17 қыркүйекте президент астананы Астана деп қайта атау туралы жарлыққа қол қойды.Токаев согласился переименовать столицу Казахстана обратно в АстануО переименовании города Нур-Султана – столицы Республики Казахстан в город Астану – столицу Республики КазахстанКазахстан-спектр. Научный журнал
Әйелдердің зейнеткерлік жасы туралы 2021 жылғы 30 қазанда Қазақстан азаматтары әйелдердің зейнеткерлік жасын 55-58 жасқа дейін төмендету туралы петиция көтерді.Инициатива за снижение пенсионного возраста женщин до 55-58 лет в Казахстане Бастама 863 мыңнан астам қол жинап, зейнетақы реформасын талап ету үшін бірнеше рет митингіге шыққан әйелдер қозғалысы құрылды.«Власти доводят женщин до гнева» 2022 жылғы 1 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2028 жылға дейін әйелдердің зейнетке шығу жасы 61 жас болып белгіленетінін мәлімдеді.
Экс-президенттің иммунитеті нобай|Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев. 2022 жылғы 18 қаңтарда egov.press сайтында Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевты иммунитеттен айыруды талап еткен петиция жарияланды.Kazakhstan: Parliament strips Nazarbayev of lifetime sinecuresВ Казахстане создали петицию о лишении Назарбаева неприкосновенности 2023 жылғы 13 ақпандағы № 198-VII Конституциялық заңмен «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы туралы» Конституциялық заңның күші жойылды.«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күшi жойылды деп тану туралы // «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі, 13 ақпан 2023.
Алматы қаласы әкімінің қызметінен кетуі туралы нобай|2023 жылғы петиция кезінде Алматы қаласының әкімі болған Ерболат Досаев. 2023 жылғы 6 шілдеде сайтта Ерболат Досаевты қала тұрғындары сынға алып, қызметінен кетуге шақырған петиция жариялады. Петицияны 12 556 адам қолдаса, 9 947 адам қарсы болды. Бір минут ішінде отставкаға кетуді қолдағандар саны азайып, 10 017 адам қарсы қол қойды. egov.press авторлары Ресейден арнайы бот шабуылы туралы хабарлады.«Поток ботов из России»: вокруг акима Алматы Досаева разгорелся скандалДосаев предположил, что за его отставку голосовали боты Қазақстандық саясаттанушы Антон Морозов петицияға қолдаған адамдарды бот деп атады. Оның айтуынша, екі адам он мыңдаған пайдаланушылардың белсенділік көрінісін оңай жасай алады.57 тысяч онлайн-ботов в строю, или технологии на службе у провокаторов
2025 жылғы 24 мамырда Ерболат Досаев Президент жарлығымен Алматы қаласының әкімі қызметінен босатылды.Указом Главы государства Досаев Ерболат Аскарбекович освобожден от должности акима города Алматы // Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты, 24 мамыр 2025.
Мүгедектерге арналған жәрдемақы туралы 47 жастағы Жамбыл облысының тұрғыны egov.press сайтында Қазақстан Президентіне мүгедектік бойынша жәрдемақыны 100 пайызға көтеруді сұрап петиция жариялады. Петиция 7 мыңға жуық қол жинады.Тысячи подписей собрала петиция с требованием повысить пособия по инвалидности в Казахстане Проблемы правового регулирования индексации пособий лицам с ограниченными возможностями в Казахстане 2023 жылы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап ерекше қажеттіліктері бар адамдарға берілетін жәрдемақыны 14,5 пайызға арттыруды тапсырды.Токаев поручил с 1 сентября на 14,5% повысить пособия для лиц с особыми потребностями
Утиль алым туралы 2021 жылғы 31 қазанда басталған утиль алым ақысын толығымен алып тастау туралы петицияға 130 000 қол жиналды.На вопрос о петиции казахстанцев по утильсбору ответил министр экологии 2022 жылғы 11 қаңтарда Қазақстан Президенті «Оператор РОП» компаниясын сынға алды. 2022 жылғы қазанда Парламент «Оператор РОП» утиль алымға ақы алу құқығын алып тастайтын заң қабылдады.
Украинаның Қазақстандағы елшісі туралы 2022 жылы 22 тамызда жарияланған Украина елшісі Петр Врублевскийді жанжалды мәлімдемелеріне байланысты депортациялау туралы петиция 42 мың қол жинады.«Убить как можно больше русских». Посла Украины в Казахстане обвиняют в разжигании межнациональной розни Украина тарапымен келісім бойынша Петр Врублевский Украинаның Қазақстандағы Елшісі қызметін тоқтата отырып, Қазақстаннан өз еркімен шақыртылды.
Бала күтімі бойынша жәрдемақы туралы 2022 жылғы 18 қаңтарда бала күтімі бойынша жәрдемақыны үш жылға дейін ұзарту туралы петицияға 125 мың қол жиналды.Какие петиции казахстанцев изменили решения властей 2022 жылғы 1 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бала күтімі бойынша жәрдемақы бір жарым жылға дейін ұзартылатынын мәлімдеді.
Сын және қолжетімділік Astana TV телеарнасы egov.press сайтында жарияланған «жалған петициялар» туралы айтып, отандық платформа құруға шақырған репортаж түсірді.Липовые петиции запускают в Казахстане - журналисты
2022 жылы қазақстандық журналист Юрий Масанов egov.press петиция сайтын жалған деп мақала жазды.Пора сделать официальную площадку для петиций граждан - журналист Юрий МасановКазахстанский журналист обвинил сайт петиций в накрутке egov.press сайты 2022 жылғы 20 маусымда Қазақстанда сот шешімімен бұғатталды. Бұғаттаудан кейін egov.press петиция сайты alash.online жаңа доменіне көшті.
2023 жылғы маусымда «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры egov.press сайтын Қазақстандағы сөз бостандығының бұзылуы туралы есеп тізіміне енгізді.Нарушения свободы слова в Казахстане. Июнь 2023 года
2024 жылғы мамырда Alash Online сайтына қолжетімділік мәселесі «Әділ сөз» қорының апталық мониторингіне енгізілді. Есепте 27 мамырда сайттың ұзақ кідіріспен ашылғаны немесе мүлде ашылмағаны, ал 28 мамырда оның қалыпты жұмысы қалпына келгені туралы хабарланған.Нарушения свободы слова в Казахстане с 23 по 30 мая 2024 г. // «Әділ сөз» қоры (қаралған күні: 3 қазан 2026).
OONI-дің 2024 жылғы зерттеуі Қазақстан желілерінде egov.press доменіне қолжетімділіктің бұғатталғанын тіркеген. Зерттеу 2023 жылғы 1 маусым мен 2024 жылғы 1 маусым аралығындағы өлшемдерді қамтыған; egov.press доменін сынау 2023 жылғы 19 қарашада басталған.Kazakhstan: TLS MITM attacks and blocking of news media, human rights, and circumvention tool sites // OONI, 2024 (қаралған күні: 3 қазан 2026).
Қазіргі жағдайы 2026 жылғы қазанда EGOV.PRESS атауындағы Telegram арнасы жұмысын жалғастырып, жаңалықтар мен азаматтардың хабарламаларын жариялайды. Арнада Polites News материалдарына да сілтемелер беріледі.EGOV.PRESS — Telegram арнасының жарияланымдары (қаралған күні: 3 қазан 2026).
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Polites News — egov.press домені бағытталатын сайт Telegram арнасы EGOV.PRESS WhatsApp арнасы Instagram парақшасы TikTok парақшасы
Санат:Қазақстан сайттары