Теміртай Рымтайұлы Ізбастин (10 қыркүйек 1957, Баянауыл, Павлодар облысы) — қазақстандық дипломат, Болгариядағы елші (2009–2022), https://online.zakon.kz/document/?doc_id=35542201#sub_id=0 Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың күйеу баласы, https://rus.azattyq.org/a/32168825.html https://alash.kz/kz/article/toqaevtyng-kujeu-balasy-qyzmetinen-bosatyldy.html https://sputnik.kz/amp/20220418/toqaev-kuyeu-bala-ata-zan-24277064.html https://www.azattyq.org/a/30248021.html Құрылтай депутаты Дана Медеуованың әкесі.

Өмірбаяны Арғын-Сүйіндік тайпасының қаржас руынан шыққан. 1957 жылғы 10 қыркүйекте Павлодар облысының Баянауыл ауылында дүниеге келген.

1980 жылы С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін бітірген. 2008 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін бітірген. 2015 жылы Болгарияның София университетін Ph.D дәрежесімен бітірді. Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесі бар.

Еңбек қызметі 1994–1997 жылдары Ізбастин — Қазақстанның Мажарстандағы және Қытай Халық Республикасындағы елшіліктерінде қызмет етті.

1997–2001 жылдары ол — Германияның Дюссельдорф қаласындағы Қазақстанның консулы. 2002–2005 жылдары аралығында ол Қазақстанның Аустриядағы Елшілігінің консулы, кеңесшісі болды.

2005–2009 жылдары ол — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің бөлім жетекшісі, департамент директорының орынбасары, директор міндетін атқарушы. 2009 жылдан 2019 жылға дейін ол Қазақстанның Болгариядағы Дипломатиялық миссиясының басшысы.

2019 жылғы 1 қарашадан 2022 жылғы 9 желтоқсанға дейін Ізбастин – Қазақстанның Болгариядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

Жеке өмірі Қазақ, орыс, ағылшын, неміс, болгар тілдерін меңгерген. Үйленген, төрт баласы бар. Жұбайы, Қарлыға Кемелқызы Ізбастина (Тоқаева) (19 қыркүйек 1956) — Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарындасы. Ұлдары: Қаныш, Мұхамед, Бекет. Қызы: Дана.

Дереккөздер

Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері Санат:Қазақстан дипломаттары Санат:Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті түлектері Санат:Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті түлектері Санат:Қазақстанның Болгариядағы елшілері Санат:Павлодар облысында туғандар