2023 жылғы 19 наурызда Қазақстанда кезектен тыс парламент сайлауы орын алды. Сайлау барысында Мәжіліс депутаттарымен қатар елдегі барлық мәслихаттардың, соның ішінде Ақмола облыстық мәслихатының депутаттары сайланды. Сайлау нәтижесінде облыс мәслихатының VIII сайланымы құрылды да, өз жұмысын бастады.

Ақмола облысының 517 816 сайлаушысы бар, олардың 310 513 ғана (60 %) дауыс берді. Сайлау нәтижесінде ең көп дауыс алған Аманат партиясы болды да, ол 13 мандатқа ие болды. Мәслихатта өкілеттікке қол жеткізген тағы басқа екі ғана партия болды: 2 мандаты бар Ауыл ХДПП және 1 мандаты бар Ақ жол ДП.

Алғышарттары 2023 жылғы сайлауға дейін мәслихат депутатының барлығы да пропорционалды сайлау жүйесі арқылы сайланатын. Бұл жолмен 2021 жылғы мәслихат сайлауы өткен еді.

2023 жылғы наурызда Қазақстанда кезектен тыс парламент сайлауы орын алды да, онымен қатар әр мәслихаттың сайлауы да жүрді. Осы жолы Ақмола облыстық мәслихатының сайлауы барысында, басқа мәслихаттардағыдай, депутаттың бір жартысы партиялық тізім бойынша, басқа жартысы бірмандатты округ бойынша сайланды.

Сайлау жүйесі Бұл сайлау — депутаттың бір жартысы партиялық тізім бойынша, қалған жартысы бірмандатты округ бойынша сайлайтын жүйе арқылы өткен тұңғыш мәслихаттық сайлау. Бұл жаңа жүйе арқылы енді сайлауға саяси партиялар да, өзін-өзі ұсынғандар да қатыса алады.

Нәтижелері 300pxПартия Дауыс саны % ±% Мандат саны ±Мандат Аманат 210 863 67,91 7,81 13 13 Ауыл ХДПП 33 351 10,74 1,84 2 1 Ақ жол ДП 17 421 5,61 3,3 1 2 ҚХП 13 048 4,20 Жаңа 0 Жаңа Байтақ 10 141 3,27 Жаңа 0 Жаңа Respublica 9150 2,94 Жаңа 0 Жаңа Бәріне қарсымын 9275 2,98 Жаңа Жарамсыз дауыс 7264 2,34 Жалпы дауыс310 513100,00 32Сайлаушы саны/Дауыс бергендер517 81659,96

Депутаттар тізімі Сайлау нәтижесінде мәслихаттың 32 депутаты сайланды. 2023 жылғы 30 наурызда Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы болып Аманат мүшесі Бейбіт Жүсіпов сайланды.

Партиялық тізім бойынша сайланғандар ПартиясыМандатыАманат13Ауыл ХДПП2Ақ жол ДП1Бірмандатты округ16 Барлық мүшесі 32

Бірмандатты округ бойынша сайланғандар СайлауокругіАты-жөніЛауазымыТұрғанжеріДереккөз1Манат Айтбайұлы Мусин«УК Строй» ЖШС директорыКөкшетау2Нұрлан Қайырұлы ЖаровКөпбейінді облыстық аурухананың бас дәрігеріКөкшетау3Нұртас Ахатұлы АхатЖ.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақпедагогикалық колледжінің директорыКөкшетау4Айнагүл Қыдырбайқызы Балташева«BolashaqSaraiy» басшысыКөкшетау5Марат Советұлы Қойшыбаев«КәсіпАлтыналмас» Жергілікті кәсіподағының төрағасыСтепногорск6Айдын Бертісбайұлы ТөребаевХалықаралық ғылыми-техникалық орталықатқарушы директорының орынбасарыҚосшы7Бауыржан Амангелдіұлы Сүлейменов«IronStone» ЖШС директорыЩучинск8Павел Николаевич Безверный«Орленок К» ЖШС директорының орынбасарыҚатаркөл9Клара Тұңғышқызы Меңдібаева«ХПП Арна» ЖШС директорыМакинск10Алмаз Есенгелдіұлы Мұхамедьяев«Айям-7» ЖШС директорыШортанды11Бекім Серікұлы Әкімов«Нұр ALI-2011» ЖШС директорыКүншалған12Марат Амангелдіұлы Оразалин«СХП Байдалы-2» ЖШС директорыБайдалы13Ғалымхан Банияшимұлы Саханов«Сепе-1» ЖШС директорыСепе14Владимир Валерьевич Камышанский«Татьяна и К» шаруа қожалығының басшысыЛьвовское15Нұрлан Есіркепұлы ТәжинҚорғалжын ауылындағы мектеп-гимназияның директорыҚорғалжын16Тимур Амангелдіұлы Пішенов«Мәншүк АЭ» ЖШС директорыҚабанбай батыр ауылы

Қосымша ақпарат

Дереккөздер

Санат:Ақмола облысы Санат:2023 жылдағы Қазақстан Санат:2023 жылғы Қазақстандағы сайлаулар 2023