Кирилл Алексеевич Буданов (; 4 қаңтар 1986 жыл, Киев) — украиналық әскери қолбасшы мен саясаткер, 2026 жылғы қаңтардан бергі Украина президенті кеңсесінің төрағасы, генерал-лейтенант (2023), Украина батыры (2024).
Бұрын Буданов 2020 жылғы тамыздан Украина Қорғаныс министрлігінің Бас барлау басқармасының бастығы еді.Указ Президента України № 308/2020 «Про призначення К.Буданова начальником Головного управління розвідки Міністерства оборони України». , Президент України, 5 тамыз 2020
2022 жылғы қазанда «NV» журналы оны Украинаның ең ықпалды 25 әскери қызметкерінің тізіміне енгізді.Генерали перемоги. НВ називає 25 найвпливовіших українських військових // НВ. — 2022. Буданов соғыс қимылдарына жеке өзі қатысып көрген.
Ерте жылдары және білімі Буданов 1986 жылғы 4 қаңтарда Киевте туған. 2007 жылы ол әскери білімін Одесса қаласы әскери академиясында алды.
Мансабы Оқуын бітірген бойда Буданов Қорғаныс министрлігінің Бас барлау басқармасының арнайы операциялық күштер бөлімінде қызмет етті. Оқуын бітіруге бір жыл қалғанда барлау бөліміне ауысуға шешті.
Орыс-украин соғысы 2014 жылы Буданов Донбасстағы соғысқа қатысты, ол жерде бірнеше рет жарақат алды. Будановтың осы кезде түрлі құпияланған әскери операцияларға қатысқаны да хабарланады. 2024 жылғы The New York Times зерттеуінше, Буданов Орталық барлау агенттігінен оқу алған элиталы 2245-әскери бөлімінің мүшесі болды. The New York Times хабарлауынша, Буданов жау тылындағы батыл операцияларға қатысып, өзін көрсете алды. 2016 жылы майор болып жүрген ол Ресейдің Қырымды оккупациялауы кезінде жауға қарсы бомба орналастырғаны белгілі. Жерге қонған Будановтың бөлімін орыс әскері торуылдады, алайда украин әскері сәтті соққы жасап, украин басқарған жерге орала алды. The New York Times ақпаратынша, Донбасста жарақаттанған Буданов Америка Құрама Штаттарына жіберіліп, Уолтер Рид атындағы ұлттық әскери-медициналық орталықта ем алды.
2019 жылғы 4 сәуірде Будановтың Chevrolet Evanda көлігін құжатындағы есімі «Алексей Ломака» болған орыс жарды. Көлікте болған мина, алайда, ерте қосылып қалды. Айыпты мен оның тобы көп ұзамай қамауға түсті.
2020 жылы Буданов Украина сыртқы барлау қызметінің бір департаментіне директор тағайындалды.
нобай|оңға|Будановтың Украина президенті Владимир Зеленскиймен қол алысуы, 2022 жылғы 7 қыркүйек
2020 жылғы 5 тамызда Украина президенті Владимир Зеленский Будановты Бас барлау басқармасының басшысы қылып тағайындады.
2022 жылғы 11 наурызда ол Әскери тұтқындарды емдеу жөніндегі үйлестіру штабының төрағасы атанды. 2022 жылғы қыркүйекте Буданов Ресей мен Украина арасындағы ең ірі тұтқындар айырбасына қатысты. Украинаның 215 қорғаушылары, соның ішінде Азов бригадасының 100 мүшесі мен басшысы, үйлеріне оралды.
2023 жылғы ақпанда Слуга Народу парламент блогының басшысы Давид Арахамия Будановтың Алексей Резниковтің орнына Қорғаныс министрі болатынын жариялады. Алайда бұл өзгеріс орын алмады да, Буданов еш жерге тағайындалмады. Ақыр аяғында Резниковтің ізбасары болып Рүстем Умеров атанды.
2023 жылғы 21 сәуірде Мәскеудің Лефортово аудандық соты Будановты Қырым көпірінің қопарылысы үшін іздестіретінін жариялады. Буданов бұған «Мен разымын. Бұл — жұмысымыздың жақсы белгісі және мен одан жақсы қызмет етуге уәде беремін» деді.
Украина барлау қызметінің бір өкілі 2023 жылы Будановқа 10-нан көп мәрте қастандық жасалған деген. 2023 жылғы қарашада Будановтың әйелі Марианна айтылмаған ауыр металл арқылы уланды.
2024 жылғы 8 ақпанда Украина президенті Зеленский Будановты Украина батыры деп таныды.
Әскери атақтары Лейтенант (2007) Аға лейтенант (2010) Капитан (2013) Майор (2016) Подполковник (2018) Полковник (2020) Бригада генералы (2021 жылғы 24 тамыз) Генерал-майор (2022 жылғы 3 сәуір)Указ Президента України № 207/2022 «Про присвоєння військового звання генерал-майора бригадному генералу БУДАНОВУ Кирилу Олексійовичу». , Президент України, 3 сәуір 2022 Генерал-лейтенант (2023 жылғы 7 қыркүйек)Указ Президента України № 564-2023 «Про присвоєння військового звання генерал-лейтенанта генерал-майору БУДАНОВУ Кирилу Олексійовичу». https://www.president.gov.ua/documents/5642023-48021, Президент України, 7 қыркүйек 2023
Президент кеңсесінің төрағасы 2026 жылғы 2 қаңтарда Зеленский Будановты Украина президенті кеңсесінің төрағасы қылып тағайындады.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Санат:Украина генерал-лейтенанттар Санат:Украина генерал-майорлар Санат:Украина президентінің кеңсесі басшылары