«Мандалорлық» () — америкалық ғылыми фантастикалық телесериал.

«Жұлдызды соғыстар» хронологиясына кіргізілген бірінші сериал, «Джедайдың оралуында» оқиғалардан кейін бес жыл өткенде оқиғалар көрсетіледі.

Рөлдерде Басты рөлдерде Педро Паскаль — Мандалориан / Дин Джарин, жалғыз атқыш және бас аулаушы. Оны балалық шағында мандалориандар құтқарып қалды. Грогу — ұсақ жасыл жәндік, Күшке ие; ұлы магистр Йоданың расасына жатады. Мандалориан оны тауып, қорғайды. Кэти Сакхофф — Бо-Катан Крайз, Мандалордың бұрынғы билеуші және «Түнгі үкілер» атты мандалориандардың топтың лидері.

Көмекші рөлдерде Карл Уэзерс — Гриф Карга, бас аулаушылар Гильдиясының лидері. Вернер Херцог — Клиент, Мандалорианға құнды жүкті жеткізуге бұйрық береді. Омид Абтахи — доктор Першинг, Клиентке істейтін ғалым. Ник Нолти — угнот Куиилдің дауысы, ылғал табатын фермер. Тайка Вайтити — дроид IG-11 дауысы. Эмили Суоллоу — қару жасаушы, Неварродағы мандалор жауынгерлердің лидері. Джина Карано — Карасинтия («Кара») Дюн, бұрынғы штурмовик. Эми Седарис — Пелли Мотто, механик. Минг-На Вен — Феннек Шэнд, жалдамалы жұмыскер. Джанкарло Эспозито — мофф Гидеон, бұрынғы офицер. Темуэра Моррисон — Боба Фетт.

Маусымдар + Көрсету мезгіліМаусым Сериялар Бірінші серия Соңғы серия 1 8 12 қараша 2019 27 желтоқсан 2019 2 8 30 қазан 2020 18 желтоқсан 2020 3 8 1 наурыз 2023 19 сәуір 2023

Дереккөздер

Санат:2019 жылы шыққан АҚШ телесериалдары Санат:АҚШ ғылыми-фантастикалық телесериалдары Санат:Disney+ телебағдарламалары Санат:Lucasfilm фильмдері