Жаңаталап — Жетісу облысы Қаратал ауданындағы ауыл, Балпық ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Үштөбе қалысынан оңтүстік-батысқа қарай 2 км-дей жерде, Қаратал өзенінің сол жайылмасында, қамыс, құрақ аралас өскен шалғынды қоңыр топырақты шөлейт белдемде орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен14991485 1305 87,9 739 674 91,2 746 631 84,6

Тарихы Іргесі 1962 жылы “Қаратал” қой кеңшарын ұйымдастыруға байланысты қаланды. 1997 жылдан оның негізінде шаруа қожалықтары жұмыс істейді.

Инфрақұрылымы Орта мектеп, клуб, фельдшерлік-акушерлік пункт бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.

Дереккөздер

Санат:Қаратал ауданы елді мекендері