Жолөтен атырабы () — Түрікменстанның Мары уәлаятындағы атырап.
Тарихы 1926 жылы қаңтарда Түрікмен КСР Мерв округінің Жолөтен ауданы болып құрылды. 1926 жылы тамызда Мерв округі таратылып, Жолөтен ауданы Түрікмен КСР-іне тікелей бағынышты болды.
1939 жылы қарашада Жолөтен ауданы жаңадан құрылған Мары облысына берілді. 1963 жылы қаңтарда Мары облысы таратылып, Жолөтен ауданы қайтадан Түрікмен КСР-не тікелей бағынышты болды.
1970 жылдың желтоқсанында аудан қайтадан қалпына келтірілген Мары облысының құрамына енді. 1992 жылы Жолөтен ауданы Жолөтен атырабы деп өзгертіліп, Мары уәлаятының құрамына енді.
Сілтеме Дүниежүзілік тарих жобасы
Санат:Мары уәлаяты атыраптары