Эллиптикалық сөйлем (грек. elliptikos түсірілген, жетімсіз) орыс. эллиптическое предложение - сөйлемде түсіп қалған мүшенің қандай екені белгілі болып тұратын және оны анықтау, орнына келтіру қажет етілмейтін сөйлем. Әдетте ондай мүше баяндауыш болады. Мысалы: Жаңа жылдарыңызбен! (құттықтаймын сөзі түсіп қалып тұр). Қош! (болыңыз). Сәлем! (бердік, етеміз). Қалиев Ғ. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі - Алматы. "Сөздік-Словарь", 2005. -440 бет.
Дереккөздер