Сәкен Сайынұлы Исабеков (10 ақпан 1980 жыл, Мәскеу) — Қазақстанның мемлекет қайраткері, 2022 жылдан бастап қызметтегі Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, генерал-майор.

Білімі Д.А. Қонаев атындағы университеттің "юриспруденция" мамандығы бойынша түлегі.

Еңбек жолы 2001 жылдан 2003 жылға дейін ҚР Республикалық ұланының әскери бөлімдерінде мерзімді әскери қызмет өткерген. 2003 жыл мен 2021 жыл аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қатарында әртүрлі офицерлік және басшылық лауазымдарда қызмет өткерген.

2021 жылғы шілдеде Президент Өкімімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Президент күзет қызметінің бастығы болып тағайындалды.

2022 жылғы 6 қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығы лауазымына тағайындалды.

Марапаттары және атақтары ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен, ІІІ дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" және І, ІІ, ІІІ дәрежелі "Елбасының қауіпсіздігін айбынды атқарғаны үшін" медальдарымен марапатталған.Сәкен Исабеков Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды

2022 жылы 6 мамырда Мемлекет басшысының Жарлығымен оған Мемлекеттік күзет қызметінің генерал-майоры арнайы атағы берілді.

Дереккөздер

Санат:Қазақстан генерал-майорлары