Жандос Нұрланұлы Шаймарданов (24 ақпан 1987 жыл, Шығыс Қазақстан облысы) — қазақстандық экономист және мемлекет қайраткері, 2025 жылдан бастап Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры. Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің бұрынғы төрағасы (2023—2025).
Білімі 2009 жылы «Болашақ» стипендиясы бойынша Ұлыбританиядағы Йорк университетін «Экономика және қаржы» мамандығы бойынша бітірген.
2020 жылы Испаниядағы IE университетінде Бизнес-талдау және Big Data магистрі дәрежесін алған.
Еңбек жолы Еңбек жолын 2009 жылы ҚР Экономика және жоспарлау министрлігінде бас сарапшы қызметінен бастаған.
2010—2013 жылдары «Самұрық-Қазына» АҚ менеджері болды.
2013—2014 жылдары ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаевтың кеңесшісі, 2014—2016 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігі Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры болды.
2016—2019 жылдары «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ департамент директоры, басқарушы директоры, 2019—2020 жылдары «Бәйтерек» холдингіне қарайтын «QazTech Ventures» АҚ Басқарма төрағасы болды.
2020—2022 жылдары ҚР Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясаты департаментінің директоры болды.
2022—2023 жылдары ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы болып қызмет атқарды.
2023 жылғы 16 қыркүйек күні ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы болып тағайындалды.Шаймарданов Жандос Нұрланұлы 2025 жылғы 28 ақпанда лауазымынан босатылды.Құқықтық актілер
2025 жылы 14 мамырда ҚР Ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды.Жандос Шаймарданов ҚР ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды
2025 жылғы 16 маусымда Жандос Шаймарданов ҚР Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры болып тағайындалды.Мемлекет басшысының өкімімен
Отбасы Әкесі: Нұрлан Құбайдоллаұлы Шаймарданов (1963 жылы туған), ғалым дәрігер, Семей медицина университетінің кафедра меңгерушісі.Қызметкерлер. Шаймарданов Нұрлан Құбайдоллаұлы
Дереккөздер
Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері