«Тауда», кейде «Тауларда» — Сабыр Мәмбеевтің 1956-57 жылдары салған суреті.

Бұл пейзажды ол 28 жасында, Қазақстан суретшілер одағының төрағасы болып сайланған кезде сала бастады. Ұлттық кескіндеме тілін іздеу туралы ойлана бастаған барлық жас суретшілер тобымен бірге Сабыр Мәмбеев те қазақ халқының көшпелі мәдениеті мен елдің жайлаудағы сюжеттерін кенеп бетіне түсіре бастады. Өз туындысында ол адамды жай табиғат фонында емес, соның құрамдас бір бөлігі ретінде көрсете білді. Мөлдір шуақты таңның тазалығы бейнеленген бұл сурет үшін ерекше үйлесімділік тән.Санжар Сырғабаев. Түстер және реңктер — «Жас Алаш», 18.05.2024.

1958 жылы осы сурет және «Киіз үй» атты туындысы Мәскеуде өткен Қазақ өнерінің онкүндігінде көрсетіліп, одақ көлемінде жоғары бағаланды. Кескіндемеші Сергей Герасимовтың айтуынша, бұл екі шығарма «жарықпен, күнмен, ашық түс­тер­мен толықтырылған» және «ұлт­тық бояуымен қатар өзінің эмо­ционалдық кейпімен заманауи болып келеді».Ұлттық болмысты бедерлеген — «Егемен Қазақстан», 19.01.2022.

Дереккөздер

Санат:Сабыр Мәмбеев суреттері