Ұлы аятолла Сейіт Имам Әли Хосейни Хаменеи (, Ali Hoseyni Xāmene’i, , 10px оқылуы; 19 сәуір 1939 жыл, Машһад – 28 ақпан 2026 жыл, Тегеран) — ирандық діни қайраткер, саясаткер, 1989 жылдан 2026 жылға дейінгі Иранның екінші Жоғарғы көсемі. Бұрын, 1981–1989 жылдары, ол Иран президенті қызметінде болды. Хаменеи — Иран тарихындағы шаһ Мұхаммед Реза Пехлевиден кейінгі екінші ең ұзақ билік еткен басшы.

Ресми сайтына сүйенсек, Хаменеи Мұхаммед Реза Пехлевидің билігі кезінде үш жылға қуғынға жіберілмес бұрын алты рет тұтқындалған. Ислам төңкерісі барысында шаһты тақтан тайдырғаннан кейін ол 1981 жылғы маусымда қастандық нысанасы болды да, нәтижесінде оң қолы сал болды. Хаменеи 1980 жылдардағы Иран-Ирак соғысы кезінде Иран көшбасшыларының бірі болды және өзі басқаратын қазіргі қуатты революциялық гвардиямен тығыз байланыс орнатты.

Хаменеи 1981 жылдан 1989 жылға дейін Иранның үшінші президенті қызметін атқарды, сол уақытта бірінші жоғарғы көсем Рухолла Хомейнидің жақын одақтасы болды. Өлерінен аз уақыт бұрын Хомейнидің өзі таңдаған мұрагері Хосейн-Әли Монтазеримен келіспеушілік туды, сондықтан да Хомейни қайтыс болған кезде келісілген ізбасар болмады. Сарапшылар кеңесі 50 жастағы Хаменеиді 1989 жылғы 4 маусымда келесі жоғарғы көсем етіп сайлады. Акбар Рафсанджанидің айтуынша, Хаменеи Хомейни өлер алдында өзінің мұрагері етіп таңдаған жалғыз адам болды.

Жоғарғы көсем ретінде Әли Хаменеи елдегі ең ықпалды тұлға еді. Ол — Иранның мемлекет басшысы, оның қарулы күштерінің бас қолбасшысы және экономика, қоршаған орта, сыртқы саясат және басқа да көптеген салаларда үкіметтің негізгі саясаты туралы жарлықтар шығарып, соңғы шешімдерді қабылдайды. Хаменеи елдегі атқарушы, заң шығарушы және сот биліктерін, оған қоса әскерді, БАҚ-ты және полицияны тікелей, не тікелей емес түрде басқарды.

2025 жылы Хаменеи билігіне қарсы бүкілхалықтық наразылық шаралары жүрді. Нәтижесінде олар 2026 жылға дейін созылып, АҚШ пен Израильдің Иранға соққыларына әкелді. Осы соққылардың бірінде 2026 жылғы 28 ақпанда Хаменеи қайтыс болды.

Иранда журналистер, блогерлер және басқалар діни лидер Хаменеиге қарсы пікір айтқаны үшін түрмеге жабылды. Олардың үкімдеріне қамау және түрмеде отыру болған; кейбіреулері қамауда қайтыс та болған.

Жастық шағы және білімі нобай|солға|Жасөспірім Әли Хаменеи Әкесі — ғұлама, мужтаһид, Нажаф тумасы және анасы — . Сегіз баланың екіншісі болған Әли Хаменеи 1939 жылы Машһадта дүниеге келген. Әли Хаменеидің екі діни қызметкер ағайындысы бар; інісі Хади Хаменеи — газет редакторы және дін қызметкері. Әпкесі Фатима Хосейни Хаменеи 2015 жылы, 89 жасында қайтыс болды. Әкесі ирандық әзербайжан және Хамене тумасы болса, анасы Яздта туған этникалық парсы болған. Оның бірнеше бабасы Тафрештен шыққан да, Тебриз маңындағы Хаменеге көшкен. Хаменеидің арғы атасы Афтаси сейидтерінің ұрпағы Сейіт Хоссейн Тафреши болды, оның тегі шииттердің төртінші имамы Әли ибн Хусейннің немересі Сұлтан Сейіт деген атпен белгілі Сұлтан ул-Улама Ахмадқа дейін жеткен.

Білімі Хаменеидің білімі төрт жасында мектепте Құран оқуынан басталды; ол өзінің негізгі және жоғары деңгейлі семинария сабақтарын Машһад хаузасында шейх Хашем Казвини мен Аятолла Милани сияқты тәлімгерлерінің қол астында өткізді. Содан кейін Хаменеи 1957 жылы Нажафқа барды; бірақ әкесі оны сонда қалдырғысы келмегендіктен көп ұзамай Машһадқа оралды. 1958 жылы ол Қомға қоныстанды, онда Сейіт Хосейн Боруджерди мен Рухолла Хомейнидің сабақтарына қатысты. Саясатқа белсенді қатысқан сол заманның басқа да діни қызметкерлері сынды Хаменеи де діннен гөрі саясатты көбірек зерттеді.

Саяси өмірі және президенттігі нобай|солға|Машһадтағы Ислам төңкерісі кезіндегі Әли Хаменеи нобай|солға|Иран-Ирак соғысы кезінде әскери киім киген Әли Хаменеи нобай|солға|Өміріне жасалған қастандығынан кейін ауруханадағы Әли Хаменеи нобай|солға|Оң қолының сал болғанынан бері Әли Хаменеи сол қолымен амандасып келген. нобай|солға|Тегерандағы Жұма намаздың имамы болған Әли Хаменеи, 1979 Хаменеи Ирандағы Ислам төңкерісінің басты тұлғасы және Рухолла Хомейнидің жақын сенімді адамы болды.

Ислам республикасы құрылғанынан бері Хаменеи көптеген мемлекеттік қызметтерді атқарды.

Мұхаммад Саһими оның саяси мансабы Иранның бұрынғы президенті, Хомейнидің сол кездегі сенімді адамы Акбар Рафсанджани Хаменеиді Хомейнидің жақын ортасына әкелген кезде, Иран төңкерісінен кейін басталды деп мәлімдейді. Кейінірек сол кездегі парламент мүшесі болған Хасан Рухани Хаменеиге қорғаныс министрінің орынбасары ретінде уақытша революциялық үкіметтегі алғашқы үлкен лауазымын алуды ұйымдастырды.

Хомейни Хаменеиді 1980 жылы Хосейн-Әли Монтазери қызметінен кеткеннен кейін Тегеран жұма намазының имамы етіп тағайындады. Ол 1979 жылғы шілденің аяғынан 6 қарашаға дейін қысқа уақыт бойы Ұлттық Қорғаныс министрінің орынбасары да болды және Ислам революциясы сақшыларының бақылаушысы болды. Ол парламенттің қорғаныс комиссиясының өкілі ретінде де майдан даласына аттанды.

1981 жылғы қастандық 1981 жылы Хаменеи қастандық нысанасы болды, Моджахедин-е Халқ ұйымдастырған бұл қастандық барысында магнитофонға жасырылған бомба жарылған еді.

1981 жылғы 27 маусымда Хаменеи майданнан оралған кезде сенбі күнгі кестесі бойынша Абузар мешітіне барды. Алғашқы намаздан кейін сауалдарын қағаз бетіне түсірген намазхандарға дәріс оқыды. Осы кезде түймені басқан жас жігіт Хаменеидің алдындағы үстелдің үстіне қағаздары бар магнитофонды қойды. Бір минуттан кейін магнитофон ысқыра бастады да, кенет жарылып кетті. Магнитофонның ішкі қабырғасында «Фурқан тобының Ислам республикасына сыйы» деп жазылған еді. Әли Хаменеидің емделуі бірнеше айға созылып, оның қолы, дауыс шымылдығы мен өкпесі ауыр жарақаттанған. Қастандық нәтижесінде Хаменеидің оң қолы сал болды.

Президенттігі 1981 жылғы 2 қазанда қазан айының басында өткен президенттік сайлауда Хаменеи жалпы дауыстың 95% жинап, президент қызметін атқарған бірінші дін өкілі болды. Бастапқыда Ислам Республикасының негізін қалаушы аятолла Хомейни Иран президенті тек зайырлы білімі бар адам болуы мүмкін деп есептеді (құқықтанушылары Банисадр мен Раджаи сияқты), бірақ Хаменеидің зор танымалдығы мен әскери істерге бейімдігіне байланысты ол көзқарастарын өзгертті. Премьер-министр Мир-Хосейн Мусави болды; Мусавидің әжесі Әли Хаменеи өз жұртының тәтесі еді.

Хаменеи өзінің президенттік инаугурациясында сөйлеген сөзінде «ауытқуды, либерализмді және америкалықтардың ықпалындағы солшылдарды» жоюға уәде берді.

Иран-Ирак соғысы Хаменеи 1980 жылдардағы Иран-Ирак соғысы кезінде Иран көшбасшыларының бірі болды және қазір қуатты болған революциялық гвардиямен тығыз байланыс орнатты. Президент ретінде ол әскери, бюджеттік және әкімшілік салаларға терең қызығушылық танытатын адам ретінде белгілі болды.

Соғыстан кейін Ирандық күрд оппозициясының жетекшілері Садық Шарафканди, Фаттах Абдоли, Хомайун Ардалан және олардың аудармашысы Нури Дехкорди 1992 жылғы 17 қыркүйекте Берлиндегі Миконос грек мейрамханасында өлтірілді.

1997 жылғы 10 сәуірдегі осы өлтіруге қатысты үкімі бойынша неміс соты Иранның барлау министрі Әли Фаллахианды қамауға алу туралы халықаралық ордер берді, кейін оның өлтірушілік жасаған жоспары Хаменеи мен Рафсанджаниге белгілі болған деген де айып айтылды. Алайда Иран билігі олардың бұл іске қатысы барын үзілді-кесілді жоққа шығарды. Иран парламентінің сол кездегі спикері Әли Акбар Натеғ-Нури бұл шешімді саяси, шындыққа жанаспайтын және дәлелсіз айып деп сипаттады. Бұл үкім 1997 жылғы қарашаға дейін созылған Иран мен бірнеше еуропалық елдердің үкіметтері арасындағы дипломатиялық дағдарысқа әкелді. Айыпкер болған Дараби мен Райел 2007 жылғы 10 желтоқсанда түрмеден босатылып, өз елдеріне депортацияланды.

Жоғарғы көсем Көсемдікке сайлануы 1989 жылы Аятолла Хомейни аятолла Монтазериді өзінің саяси мұрагері ретінде қызметінен босатып, орнына Хаменеиді тағайындады. Хаменеи марджа да, аятолла да болмағандықтан, Сарапшылар кеңесі оған Иранның жаңа Жоғарғы көсемі лауазымын беру үшін конституцияны өзгертуге мәжбүр болды (бұл шешімге бірнеше ұлы аятоллалар қарсы болды).

Хаменеи Хомейни өлімінен кейін ресми түрде оның орнына келді де, 1989 жылғы 4 маусымда Сарапшылар кеңесі оны жаңа Жоғарғы көсем етіп сайлады.

Жетекшілік кеңесін жасау ұсынысы нобай|оңға|Хоменеидің Рухолла Хомейни өсиетхатын Сарапшылар кеңесіне оқығаны Алғашында Сарапшылар кеңесінің кейбір мүшелері жетекшілік кеңес құру идеясын ұсынған болатын. Түрлі тізім ұсынылды да, олардың барлығында да Хаменеидің аты аталды. Мысалы, Иранды басқаруға , және Хаменеи деген үш мүшеден тұратын кеңес ұсынылды. Рафсанджанидің айтуынша, ол және Хаменеи бұл ұсынысқа қарсы болды, ал аятолла мен аятолла оны қолдады. Кеңес ұсынысын қолдаушылар кеңестің болуы қоғамда бірлікті жоғарылатады және кеңестің жұмысына оң әсер етеді деп сенді. Қарсыластар болса, Сот Кеңесіне қатысы бар бір өтіп кеткен жағдайға қарап, жеке басшы тиімдірек болар деп есептеді.

Ибраһим Амини екі тарап ұсынған себептердің қысқаша мазмұнын келтірді. Оның айтуынша, қарсыластар бұл ұсынысты қабылдамады, өйткені i) Ислам фақиһының қамқорлығы туралы дәлелдер тек жеке адамның қамқорлығына қатысты болды және кеңес болған кезде қамқорлықты кімнің атқаратыны белгісіз болатын еді. Кеңестің қамқорлығы хадистер мен ислам фиқһында болған жоқ. ii) Телерадио кеңесі және жоғары сот кеңесі сияқты бұрынғы кеңестік типтегі ұйымдар іс жүзінде сәтті болмады және басшылық кеңес осындай себептермен жақсы жұмыс істей алмайтын еді. iii) Адамдар жеке тұлғаның басшылығына үйренген және көшбасшылар кеңесі олар үшін бейтаныс нәрсе болды. iv) Жеке басшы маңызды шешімдерді қабылдауда және проблема мен дағдарысты шешуде неғұрлым батыл әрекет ете алады. Екінші жағынан, бұл ұсынысты жақтаушылар: i) Ол кезде Хомейниге тең келетін, тіпті одан екі-үш деңгей төмен, адамдардың үмітін ақтай алатындай бірде-бір фақиһ болмаған деп есептеді. ii) Көшбасшылар кеңесі жағдайында, егер олардың кез келгенінде бір салада жетіспеушілік болса, мүшелер бір-біріне «өтемақы» бере алады.

Соңында басшылық кеңесінің ұсынысына 45 мүше қарсы дауыс берсе, 20-дан астам адам қолдап, ұсыныс қабылданбады. Кеңес Көшбасшылық кеңесін құру идеясын қабылдамаған соң, Хаменеи қатысқан 74 мүшенің алпысына ие болып, лауазымға сәтті сайланды. Қалған 14 дауысқа Ұлы Аятолла ие болған. Хаменеи өзінің лайықсыздығына наразылық білдірді — «менің кандидатурам бәрімізді қан жылатуы керек» дегені де бар және кеңес мужтаһидтерімен пікірталасқа түсті, бірақ сонда да ақыры бұл лауазымды қабылдауға мәжбүр болды.

Марджият шарттары нобай|оңға|Әли Хаменеи, 1987 жыл нобай|оңға|Әли Хаменеи, 2022 жыл нобай|оңға|Әли Хаменеи, Рухолла Хомейнидің портреті мен Иран туы Хаменеи сол кезде Иран Конституциясы талап ететін марджа болмағандықтан, ол бастапқыда Жоғарғы көсем міндетін атқарушысы ғана аталды. Кейінірек бұл талапты алып тастау үшін конституцияға түзетулер енгізілді және 1989 жылғы 6 тамызда Хаменеиді 64 дауыстың 60 даусымен растау үшін Сарапшылар кеңесі қайта шақырылды. 1989 жылғы 29 сәуірде Конституцияны қайта қарауға жауапты комитет басшысы аятолла Хомейнидің «марджият критерийлеріне» көзқарасын сұраған хатына жауап беріп, Хомейни былай деді: «Әу бастан-ақ мен ол шартқа қажеттілік жоқ деп сендім. Мәрджәъияттың (фиқһ саласындағы беделі) талаптары үшін құрметті Сарапшылар кеңесі бекіткен тақуа мужтаһид (фақһшы-зиялы) те жеткілікті». 2017—2018 жылғы наразылық шаралары кезінде белгілі болған бір бейнеде Хаменеи кеңестің алдында оның діни тұрғыдан жоғарғы көсем болуға лайық емес екенін айтты. Иран Конституциясы талап еткендей «марджа» емес, худжат әл-ислам болған Хаменеи өзінің тек «салтанатты басшы» болатынын айтты және Акбар Рафсанджаниді өзінің бұл лауазымда «уақытша» болатынына, бір жылдан кейін жоспарланған референдумнан кейін биліктен кететінін сендіргені көрінеді.

Саяси стратегиясы және философиясы