Басқарбек Әлтайұлы Битанов (01.01.1959 ж. Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Көкдөнен ауылында туған. Журналист, жазушы, сатирик.

Басқарбек (Басқар) Әлтайұлы Битанов 1959 жылы 1 қаңтарда Т.Рысқұлов ауданы, Көкдөнен ауылында туған. Мектепті бітірген соң ауылдық клуб меңгерушісі, ауыл көркемөнерпаздары жетекшісі болып жұмыс істеді.

1977 жылы ҚАЗҰУ-дің журналистика факультетіне оқуға түсті. Алматы облыстық «Жетісу» газетінде еңбек жолын бастаған. 1986 жылы «Құнсыз адам» атты сатиралық романы Баубек Бұлқышев атындағы сыйлыққа ие болды.

1986 жылы қазіргі «Егемен Қазақстан» газетіне ауысып, аға тілші болып еңбек етті. Газетте «Мүйіз тұмсық» сатиралық мүйісін жүргізді.

1990 жылы «Халық газетінде» жауапты хатшы қызметін атқарды. «Қандауыр» сатиралық бетін ұйымдастырып, шығарып отырған.

«Ауыл» газеті редакторының орынбасары, «Тамаша» ойын-сауық отауының жетекші маманы, сценаристі болды.

1994 жылы 1 қаңтарда дүниеден озды.

2015 жылдан бері Тұрар Рысқұлов ауданы орталығы Құлан ауылындағы Мэлс Өзбеков мәдениет үйі жанынан ашылған Басқар Битанов театры жұмыс істейді.

Дереккөздер

Санат:Тұрар Рысқұлов ауданында туғандар Санат:Жазушылар