Ақсақатасай () — Ташкент облысындағы тау өзені (сай), Шыршық өзенінің ең үлкен сол жақ саласы.
Атауы Сайдың аты Ақсақата туралы аңыздарға барып тіреледі. Жергілікті құрметті әулие осы атпен белгілі, оның арқасында өзен пайда болған іспеттіЭшмирзаева З. Zoom Центральная Азия, № 4, 2007.Зарифа Эшмирзаева. Ташкентская правда, № 46, 10.06.2009..
Гидрологиялық сипаттамалары thumb|left|200px|Ақсақатасай аңғары Ақсақатасайдың ұзындығы 48 км, Өзбекстан ұлттық энциклопедиясының мәліметі бойынша, су алабының ауданы 453 км², В.Е.Чубтың еңбегінде сағасындағы Қарамазар ауылынан жоғарыда су алабы 456 км² деп көрсетілген. Қарамазар ауылынан су жинағыштығының орташа биіктігі 1840 м. Өзен негізінен қар мен жаңбырдан қоректенеді, сол себепті су деңгейі күрт маусымдық ауытқуға тән. Өзеннің суы сәуірден маусымға дейін (әсіресе мамырда) мол болып келеді, су шығыны 72,1 м³/с жетеді, ал шілдеден қазанға дейін суы аз болып, 1,1 м³/с дейін төмендейді. Қарамазар ауылының маңында өлшенген орташа жылдық су шығыны 6,14 м³/с, жылдық ағын көлемі 193 млн м³, орташа ағын модулі — 13,6 л/с км², ағын қабаты — 427 мм/жыл, 18 жылдық бақылау (1941–1987 жылдары) деректеріне сәйкес, ағынның өзгергіштік коэффициенті 0,380 құрайды. Сол жағындағы Ақсақатасай мен оң жағындағы Өгем – Шыршықтың екі ірі саласы және жыл бойы кеуіп кетпейтін бірден-бір саласы болып келеді.
Өзен ағысы Ақсақатасай Текташ тауының маңындағы Шатқал жотасының оңтүстік-батыс бөлігінде бастау су ағындарының қосылуынан басталады. Ақсақата бастауы мен Реваште өзенін дала өсімдіктері бар адырлы үстірт – Ақтақта шатқалы айырады. Бастауында жіңішке әрі терең жартасты аңғардан өтетін бұлақ болып келеді. Әуелі ағын батыс бағытта, содан соң Шарықтау тауынан асып, бірте-бірте солтүстік-батысқа бұрылады. Сағасында, Шыршыққа құяр алдында жартасты-қиыршық тасты кең алқапты құрайды.
Ғазалкент қаласы ауданында Паркент бас арнасымен қиылысады. Ғазалкент су торабының төменгі бьефінде Шыршыққа құяды (Шыршықтың оң жағалауында Барраж теміржол станциясы орналасқан). Ақсақатасайдың ысырынды конусында инертті (кенсіз) материалдарды игеру және алу жұмыстары жүргізілуде.
Өзеннің жағасында Тутамғалы, Қоңыртек, Шуылдақ, Алшалы, Үшбау, Қыржал, Чехчим, Қарамазар елді мекендері орналасқан. Ғалуасай мен Ақсақатасай өзендерінің аралығындағы тау беткейіндегі жазықта Ғазалкент қаласы салынған.
Жайластырушылық 2010 жылы сел және жойқын су тасқынына қарсы күрес аясында бетон және тастарды пайдалана отырып, Ақсақатасай жағалауын нығайту жұмыстары жүргізілді. Өзен арқылы өтетін көпірлер де жөнделді.
Археологиялық ескерткіштер Орта ғасырларда Ақсақатасайдың сағасында, қазіргі Ғазалкенттің орнында цитаделі, шаһристаны (орталық бекініс бөлігі) және рабадты (қала маңы) бар үлкен қала болған. X ғасырдағы тарихи деректерде Ғазақ немесе Ғазал деген атпен аталады.
Палеонтологиялық олжа thumb|right|200px|Нұрекатасайдың Ақсақатасайға құйылатын жері 2013 жылы Ақсақатасайдың оң жағалауының неогендік шөгінділерінен акула тістері табылды (неоген кезеңінде бұл аумақты теңіз суы басқан). Табынданы Өзбекстан Ұлттық университетінің геология факультетінің студенттері тапты.
Ақсақатасай тармақтары Ақсақатасайдың кейбір салалары (құю ретімен берілген): Қараүңгір (оң), Текелі (оң), Арпатақты (оң), Қашқасу (сол), Қоспа (сол), Қызылбастау (сол), Нұрекатасай (оң), Арқыт, (сол), Қазақсай (оң), Белдерсай (оң), Опашақсай (оң), Шымсасай (оң), Сымшасай (оң), Пошталысай (сол). Ең ірі салалары — Белдерсай және Нұреката (Нұрекатасай) болып келеді.
Дереккөздер
Санат:Өзбекстан өзендері Санат:Шыршық тармақтары