Чилер Ильхан (, 1972 жылыhttps://plus.cobiss.net/cobiss/si/en/conor/295650403 Денизлидеhttps://vrouwenbibliotheek.nl/2018/02/02/verbannen-door-ciler-ilhan/ туған) — түрік жазушысы, аудармашы, журналист және құқық қорғаушы. 2011 жылғы әдебиет бойынша Еуропалық Одақ сыйлығының иегері. Үш кітаптың авторы. Оның кітаптары әлемнің 20-дан астам елінде жарық көрген.

Өмірбаяны Чилер Ильхан 1972 жылы Денизлиде дүниеге келген және Измирде өскен.

1979 – 1983 жылдар аралығында Денизли Меркезефенди бастауыш мектебінде оқыды. Содан кейін 1983 – 1990 жылдар аралығында Измир жеке колледжінің студенті болды.

Ол Босфор университетінде халықаралық қатынастар және саясаттану бойынша оқыды және Швейцариядағы Glion Hotel мектебін бітірген.

Түрлі уақыттарда Ыстанбұл қонақүйінде қоғаммен байланыс менеджері, жазушы, редактор, аудармашы және әдебиеттанушы болып жұмыс істеді.

2017 жылдан бастап Чилер Нидерландыда тұрады. Ол Condé Nast Traveller Türkiye журналының бас редакторы.

Чилер Ильхан түрік және голландиялық ПЕН клубтарының мүшесі. Ол құқық қорғаушы ретінде көптеген қоғамдық жұмыстарды атқарады. Түркиядағы сөз бостандығын, адам құқықтарын және әйелдер құқығын қорғаушы. Түркиядағы әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық пен кемсітушілікке қарсы белсенді күресуші. Шығармашылығы Чилер өзінің алғашқы өлеңдерін 10 жасында жаза бастаған. Колледжде оқып жүргенде ол өзінің алғашқы күнделіктері мен театрлық пьесаларын жазды.

Оның әдеби таланты Босфор университетінде оқып жүргенде айқын көрінген, өзінің айтуынша, ол өз сөзімен «саналы түрде» әңгіме жазып бастаған.

1993 жылы Чилер Ильхан Яшар Нәби атындағы Жастар сыйлығының «Көрнекті қысқа әңгіме» жүлдесін алды.

Чилердің әңгімелері, эсселері, кітап шолулары, саяхат мақалалары және түрік тіліне аудармалары әртүрлі журналдар мен газет қосымшаларында жарияланған.

2011 жылы ол «Жер аудару» атты қысқа әңгімелер жинағы үшін әдебиет бойынша Еуропалық Одақтың сыйлығын жеңіп алды. Кітап 20-дан астам елде, соның ішінде Ұлыбританияда, Италияда, Францияда, Нидерландыда және Мексикада басылған. Сондай-ақ, «Жер аудару» жинағы Prix Du Livre Lorientales 2017 әдеби сыйлығының қысқа тізіміне енді.

Чилер Ильхан 15-тен астам ұлттық және халықаралық антологияларға үлес қосқан.

2005 жылы «1002 түнгі әңгіме» жинағында «Вульгата» («Vulgata») әңгімесі жарық көрді. Кітаптары

2006 ─ «Арман саудагерлерінің бөлмесі» / Rüya Tacirleri Odası (әңгімелер жинағы); 2010 ─ «Жер аудару» / Қуғын ( Сүргүн) (қысқа әңгімелер жинағы); 2021 ─ «Қызмет үйі» / Нишан Эви (роман).

Дереккөздер

Санат:Түркия жазушылары Санат:Түркия аудармашылары Санат:Түркия журналисттері