Футболдан Қырғызстан суперкубогы 2017 (қырғ. Кыргызстандын футбол суперкубогы 2017) — турнирдің алтыншы жарысы. 3 наурызда Бішкек қаласында өтті.

Шолу 2016 жылғы Қырғызстан чемпионы "Алай" клубы 4:1 есебімен 2016 жылғы Қырғызстан кубогы иегері "Дордойды" ұтып, тұңғыш рет турнир жеңімпазы атанды. Бұл ойында алайлық Акрамжон Умаров екі гол соқты (16, 47 минуттарда). 51-минутта гвинеялық легионер Алия Силла есепті 3:0-ге жеткізсе, төртінші голды 69-минутта нигерлік легионер Модибе Сидибе енгізді. 73-минутта Карим Израилов "Дордойдың" жалғыз голын соқтыhttp://sport.akipress.org/news:106314/.

АФК кубогына дайындалу үшін "Дордой" бұл ойында екінші құраммен ойнады.

Тағы қараңыз

Футболдан Қырғызстан чемпионаты 2016

Дереккөздер

Сілтемелер Қырғызстан суперкубогы 2017: Матчқа Дмитрий Мащенцев төрелік етті Санат:Футболдан Қырғызстан суперкубогы Санат:2017 жылғы футбол Санат:Дордой ФК ойындары Санат:Алай ФК ойындары