Sadraddin (шынайы есімі — Садраддин Ғалымжанұлы Болат; 4 маусым 2003, Шымкент, Қазақстан) — қазақстандық танымал әнші, блогер. «Ticketon Awards 2023» марапаттау рәсімінде «Қазақстанның жыл әртісі» номинациясы бойынша 1011 дауыс жинап жеңімпаз атанды.https://kz.kursiv.media/2024-03-12/zmzh-ticketon/

Өмірбаяны Садраддин 2003 жылы 4 маусымда дүниеге келді. Ол отбасындағы тұңғыш бала. 5 жасынан бастап ән айта бастаған.https://mir24.tv/news/16274389/vo-ves-golos-sadraddin-iz-kazahstana-poet-dazhe-pod-futbol Өзінің айтуы бойынша әншілік дарыны анасынан дарыған. Алғашында музыкаға деген қызығушылығына отбасы күмәнмен қараған, бірақ кейіннен оның анасы әрі продюсері Айгүл Ескара ұлының шығармашылық бастамаларын қолдады. Садраддин 5 сыныптан бастап вокалмен айналысады. 2019 жылы Садраддин Шымкент қаласындағы өнер мектебін тәмамдап, сол жылы П.И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің эстрадалық вокал бөліміне қабылданды. Әнші анасына өте жақын. 2020 жылы 17 жасында Садраддин анасына пәтер сыйладыhttps://www.youtube.com/watch?v=fmEuNEYBiyw, ал 2024  жылы көлік сыйлады. Садраддин қайырымдылықпен айналысады, бірақ бұл туралы көпшілік алдында жария етпейді. 2022 жылдың шілде айында әнші «Хан Шатыр» сауда орталығында тегін концерт берді.https://tengrinews.kz/curious/na-pevtsa-sadraddin-nabrosilis-poklonniki-v-nur-sultane-474366/ Садраддин өз әндерінің сөздері мен музыкасын өзі жазады. Сонымен қатар, ол фортепиано, гитара және домбыра аспаптарында ойнайды.

Мансабы 2012 жылы Астана күнін мерекелеу аясында «Аялаған Астана» жас эстрадалық әртістердің ІІІ Ұлттық байқауында 1 орын алды. 2016 жылы республикалық «Дала дарыны» тележобасының жеңімпазы атанды. Сол жылы трионың құрамында «Бала дауысы» ұлттық музыкалық байқауының лауреаты атанды.https://otyrar.kz/2016/05/marzhan-arapbaeva-sozdaet-novoe-trio-iz-shymkentskix-detej/ 2017 жылы «Во весь голос» халықаралық музыкалық жобасына қатысты.https://mir24.tv/news/16274389/vo-ves-golos-sadraddin-iz-kazahstana-poet-dazhe-pod-futbol Садраддин әлеуметтік желілердің арқасында кеңінен танымал болды, оның қазақстандық және шетелдік орындаушылардың танымал шығармаларының каверлері таратылды. Өз әндерін шығармай тұрып-ақ түрлі концерттік бағдарламалар мен фестивальдерге қатысты. Осылайша 2019 жылы ол «Star of Asia» халықаралық фестивалінде өнер көрсетті.https://www.youtube.com/watch?v=DKeh4k6kV9U 2020 жылы шыққан алғашқы «Алия» әні бірден отандық музыкалық орындаушылар арасында алғашқы орынға ие болды.https://www.youtube.com/watch?v=NpL3JWnWN-0 2022 жылы Мәскеуде өнер көрсетті.https://www.youtube.com/watch?v=tNzC4o1kfxI 2023 жылы Садрадиннің «Айға қарап» әні Қазақ телевизиялық «Қызық премия» сыйлығының «Жылдың үздік хиті» аталымында үздік атанды. Бұл трек 20 апта бойы VK Music, Yandex, Apple Music және Spotify цифрлық платформаларының топ-парадтарында қалды. 2023 жылдың жазында Садраддин аты аңызға айналған «Азия дауысы» фестивалінің хедлайнері болды.https://www.zakon.kz/press-relizy/6397859-chto-izvestno-o-piknike-aziya-dauysy.html 2023 жылдың 9 қыркүйегінде «Алматы Арена» спорт және мәдениет сарайында жас өнерпаздың алғашқы жеке концерті өтті.https://orda.kz/biletov-net-pervyj-solnyj-koncert-kazahstanskogo-pevca-sadraddina-vyzval-azhiotazh-sredi-poklonnikov-376168/

Дискографиясы +СинглыЖылыАтауы2020«Алия»«Королева»«Грустный танец»«Tusinbedim»2021«Зажигалка»«Не плачь»«Дамма»2022«18 лет»«Tun»2023«ANT»«Aiga qarap»«Qansha kun?»«Sura»«Ne sebep?»«Ana»«Uige»«Basqa adam»«Zhuldyzym» (cover version)2024«Aman bolshy süigenim»«Kuz»«Если любишь»«Jauap bar ma?»«Taxi»«Aq koilek»

Видеографиясы +ЖылыАтауы2020«Алия»2022«18 лет» (Acoustic version)«Tun» (Mood video)«ANT»2023«Ne sebep?» (OST к фильму «Вакцина от коррупции»)2023«Ana»«Uige»«Qansha kun?»«Aiga qarap»«Basqa adam» (Official Visualizer)«Sura» (Official Visualizer)2024«Kuz»«Aman bolshy süigenim» (Official Visualizer)«Если любишь» (Official Visualizer)«Jauap bar ma?»«Taxi»«Aq koilek»

Дереккөздер

Санат:YouTube күміс батырма иелері Санат:XXI ғасыр әншілері