Әуесерік (сондай-ақ аспансерік) — қызметі жолаушыларды қауіпсіздікпен, жайлылықпен қамтамасыз етумен байланысты әуе кемесі экипажының құрамындағы маман.
Әуесерік мамандығының 3 санаты бар. Үшінші санат — бастауыш, ал біріншісі — ең жоғары санат. Қызметте жоғарылау үшін сапардағы сағат саны көп болуы тиіс.
Әлемдегі ең бірінші стюардесса — Эллен Черч. Ол 1930 жылы ең алғашқы сапарға шыққан. «Боинг» компаниясына жұмысқа қабылданған Эллен және 8 стюардесса атқарған қызмет бүгінгі күн стюардессалары қызметінен артық болмаса, кем емес. Одан бөлек стюардессалар жолаушыларды және олардың жүгін өлшеп, ұшаққа жағармай құюға, тұраққа орналастыруға көмектескен. Бұрын стюардессалардың сырт келбетіне қойылатын талаптар бойынша бойы 160 см, салмағы 50 кг болуы тиіс болған.