Қаракезең – Қандарақ жотасының солтүстік-батысындағы асу.
Географиялық орны Жетісу облысы Сарқан ауданы Шатырбай ауылының оңтүстік-шығысында 41 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 3505 м. Көктем айларында асу бойында қар жатады. Солтүстік бөлігіндегі мұздықтардан Лепсі өзенінің сол салалары бастау алады. Асудан мамыр – қыркүйек айларында салт атпен өтуге болады. Батыс шатқалында Жасылкөл көлі жатыр. Беткейлері тік шатқалды, құзды келген. Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Жетісу облысы асулары Санат:Жетісу Алатауы