Немо Меттлер (; 1999 жылы 3 тамызда Бильде туған), Nemo лақап атымен танымал — скрипкада, фортепианода және соқпалы аспаптарда ойнайтын швейцариялық рэпер және әнші. Ол «Eurovision 2024» байқауында «The Code» әнімен жеңімпаз атанды.

Мансабы 2015 жылы Nemo өзінің алғашқы Clownfisch альбомын шығарып, ол Швейцария чарттарында 95-орынға жетті. 2017 жылы ол Du синглін шығарды, бұл ән Швейцарияда 4-орынға ие болды. 2021-2022 жылдары The Masked Singer Switzerland шоуының екінші маусымында Немо панда кейпінде өнер көрсетіп, бесінші орынды иеленді.

2024 жылдың 29 ақпанында Немо Швейцариялық SRG SSR телеарнасы тарапынан 68-ші «Eurovision» ән байқауында Швейцарияны «The Code» әнімен өкілдік ету үшін ішкі дауыс беру арқылы таңдалғаны жарияланды. Бірнеше күн бұрын Blick газеті Немоның байқауда елдің атынан өнер көрсететіні туралы хабарлаған болатын. Ән екінші жартылай финалда көрсетіліп, финалға өтті. Финалда ән 591 ұпай жинап, 1-орынға ие болды, оның ішінде 365 ұпай - қазылар алқасынан (1-орын) және 226 ұпай - көрермендерден (5-орын) алынды. Осылайша Немо байқау тарихындағы алғашқы бинарсыз жеңімпаз атанды. 2025 жылдың наурыз және сәуір айларында «Break The Code Tour» еуропалық концерттік турын өткізді.

Дискографиясы

Студиялық альбомдары + Альбомдар тізімі Альбом атауы Мәлімет Чарттардағы жоғарғы орын SWI Clownfisch Шығарылған күні: 13 маусым 2015 Лейблы: Дербес шығарылған Форматы: Цифрлық жүктеу, стриминг 95 Momänt-Kids Шығарылған күні: 21 қазан 2017 Лейблы: Bakara Music Форматы: Цифрлық жүктеу, стриминг — Fundbüro Шығарылған күні: 17 қараша 2017 Лейблы: Bakara Music Форматы: Цифрлық жүктеу, стриминг — Whatever Feels Right Шығарылған күні: 9 қыркүйек 2022 Лейблы: Дербес шығарылған Форматы: Цифрлық жүктеу, стриминг — «—» — чарттарға кірмеген немесе бұл аймақта шығарылмаған жазбаны білдіреді.

Дереккөздер

Сілтемелер

Санат:Швейцария әншілері Санат:Eurovision ән байқауының жеңімпаздары Санат:Eurovision ән байқауы 2024 қатысушылары Санат:Eurovision ән байқауындағы Швейцария өкілдері