Далмация патшалығы (, , ) — Габсбург монархиясының вассалдық патшалығы, 1815 жылдан 1918 жылға дейінгі әкімшілік бірлік. Астанасы — Задар.

Тарихы Далмация патшалығы Француз империясының Иллирия провинцияларынан құрылған, оның аумағы 1815 жылы Вена конгресінің шарттарына сәйкес Габсбургтерге қайтарылды. Патшалық 1918 жылға дейін Аустрия-Мажарстанның жеке әкімшілік бірлігі болған, содан кейін Далмацияның көптеген аумақтары (Задар мен Ластоводан басқа) Словендер, хорваттар және сербтер патшалығының (кейін Югославия патшалығы) құрамына кірді.

Халқы 1880 жылғы Аустрияның халық санағына сәйкес патшалық аумағында тұрған этникалық топтар:

хорваттар — 371,565 сербтер — 78,714 италиялықтар — 27,305

1900 жылы патшалық аумағындағы ірі қалалардың халқы:

Задар — 32,506 Сплит — 27,198 Шибеник — 24,751 Дубровник — 13,174

Мемлекеттік құрылымы Далмацияның өкілдік органы — Далмация саборы (, , ), ал атқарушы органы — жергілікті комитет (, , ). Жер губернаторы (, ) басшылық еткен, орталық билік наменгер (хорв. Namjesnici, нем. Statthalter) арқылы ұсынылған, жоғарғы сот органы — Жоғарғы жер соты, апелляциялық инстанциялардың соттары — жер соттары, сот жүйесінің төменгі буыны — аудандық соттар.

Билеушілері Франьо Томашич () (1813—1831) Венцеслав Лилинберг Ватер () (1831—1841) Иван Август Туршки () (1841—1847) Матия Рукавина () (1847) Йосип Елачич (1848—1859) Лазарь Мамула () (1859—1865) Франьо Филипович () (1865—1868) Иван Вагнер () (1868—1869) Готфрид Ауэрсперг () (1869) Юлиус Флук фон Лейденкрон () (1869—1870) Гаврило Родич () (1870—1881) Степан Йованович () (1882—1885) Лудовик Цомаро () (1885—1886) Драгутин Блажекович () (1886—1890) Эмиль Давид () (1890—1902) Эразмус Гендель () (1902—1905) Никола Нарделли () (1905—1911) Марио Аттемс () (1911—1918)

Сыртқы сілтемелер German protectorat Map

Санат:Далмация