Қаракөл – Сырдария алабындағы көл.

Географиялық орны Қызылорда облысы Қармақшы ауданы жерінде, Қызылтам ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 8 км-дей жерде орналасқан.

Гидрографикасы Аумағы 11,8 км2, ұзындығы 10 км, ені 1-2 км, теңіз деңгейінен 98 м биіктікте. Жағалауы түйетайлы. Көлдің батыс бөлігінде шағын арал бар. Суы тұзды. Деңгейі қар суымен толысады. Атырабы – мал жайылымы.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Қармақшы ауданы көлдері Санат:Сырдария су алабы