Сплит-Далмация жупаниясы () — Хорватияның Далмация аймағында орналасқан жупания. Жупанияның әкімшілік орталығы — Сплит қаласы.
Жупания Орта Далмацияда, Адрия теңізінің жағалауынан Босния және Герцеговина шекарасына дейін созылған ұзын жолағында орналасқан. Сонымен қатар, оған жақын аралдар да кіреді, олардың ең ірілері — Брач, Хвар, Вис және Шолта. Солтүстік-батыста Шибеник-Книн жупаниясымен, оңтүстік-шығыста Дубровник-Неретва жупаниясымен шектеседі.
Халқы Жупания тұрғындарының саны — 463 676 адамЕлді мекендер бойынша халықтың жыныс және жас бойынша таралуы — Хорватияның статистика бюросы. . Жупанияда хорваттар (96,30%), сербтер (1,19%), албандар (0,19%), босниялықтар (0,19%), словендер (0,19%), черногорлықтар (0,13%) тұрады (2001 жылғы деректер бойынша)Қалалар мен қауымдастықтар бойынша ұлттар .
Географиясы және климаты Сплит-Далмация — Хорватияның жер аумағы бойынша екінші жупания (4540 км²). Ең биік тау — Свети Юре тауы (Биоково таулары) (1762 м). Ең ұзын өзен — Цетина (101 км). Ең үлкен арал — Брач (395 км²).
Жупанияның жағалауында және аралдарында жерортатеңіздік климаты басым. Құрлықтық бөлігінде субжерортатеңіздік климаты, ал таулы аймақтарда таулы климаты басым. Жаздары — құрғақ және жылы (жазда орташа ауа температурасы 26 °C). Қысы жұмсақ, жауын-шашын аз мөлшерде түседі. Құрлықта температура айырмашылығы жоғары. Желдердің ішінде салқын ауа-райын әкелетін құрлықтан теңізге қарай бора желі соғады, ал оңтүстіктен теңізден құрлыққа қарай соғатын сирокко желі жылы және бұлтты ауа-райын әкеледі.
Қалалары Қала Халық саны Сплит 175 140 Каштела 34 103 Солин 15 850 Макарска 13 381 Синь 11 468 Трогир 10 907 Омиш 6565 Имотски 4347 Хвар 3672 Супетар 3016 Триль 2381 Вргорац 2188 Стари Град 1906 Вис 1776 Комижа 1523 Врлика 959
Қауымдастықтары Қауымдастық Халық саны Башка Вода 2924 Бол 1661 Брела 1771 Циста Прово 3674 Дицмо 2657 Дуги-Рат 7305 Дугополе 3120 Градац 3615 Хрваце 4116 Йелса 3656 Клис 4367 Лечевица 740 Локвичичи 1037 Ловреч 2500 Марина 4771 Милна 1100 Муч 4074 Нережишча 868 Округ 2980 Оток 5782 Подбабле 4904 Подгора 2884 Подстрана 7341 Постира 1553 Пргомет 797 Приморски Долац 839 Проложац 4510 Пучишче 2224 Руновичи 2643 Сегет 4904 Селца 1977 Сучурай 492 Сутиван 759 Шестановац 2685 Шолта 1479 Тучепи 1763 Задварье 277 Загвозд 1642 Змиявцы 2130
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Жупанияның ресми сайты
Санат:Хорватия жупаниялары