Қайрат Айтмолдаұлы Оразбеков (01.09.1965) - қазақстандық кәсіпкер, «Элитстрой Групп» ЖШС және алматылық Қайрат футзал клубының президенті. 2012 жылғы Форбс Қазақстан дайындаған Қазақстанның ең дәулетті 50 адам тізімінде 50-орында болды. Монако елінің Қазақстандағы құрметті консулы.
Өмірбаяны
Білімі
1984 - 1989 – Қазақ ауыл шаруашылығы институты, факультет: инженер-механикалық, мамандығы: өндірісті автоматтандыру бойынша инженер-механик. 1994 - 1997 – Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті, факультет: қаржы және несие, мамандығы: экономист. 2008 - 2010 – Executive MBA «Іскерлік әкімшілендіру магистрі» (Швейцарияның SBS бизнес мектебі және Халықаралық бизнес академиясы). 2011 - 2014 – DBA бағдарламасы бойынша оқыту (РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы) – Іскерлік әкімшілендіру докторы дәрежесін алды. Кәсіби қызметі 1989 – Өндірісті жаңғыртуды жоспарлау жөніндегі аға маман, «Ауылшар техникасы» өндірістік бірлестігі, Қазақ КСР Ауыл шаруашылығы министрлігі; 1991 – ҚР Казкинофондта бас инженер; 1993 – Бас директор, «Алматы – Вена» бірлескен кәсіпорны (Жаңа технологияларды әзірлеу және енгізу); 1995 – «Кайнур» ЖШС компаниясын құрып, оның директоры болды (сауда-сатып алу компаниясы); Сонымен бірге осы жылы Кайнур футзал командасын құрды. 1996 – Директор, «Теплоэнергомаш» ЖШС (ТМД елдері арасында электр энергиясын жеткізу бойынша үкіметаралық келісімдерді техникалық қамтамасыз ету); 1999 – Қаржы директоры, «Элитстрой» ЖШС (Ірі құрылыс компаниясы); 2003 – Президент, «Алтел» АҚ (DALACOM) (Қазақстандағы ұялы байланыс операторы); 2004 – Президент, «Арлан» Холдингтік компаниясы ЖШС (Көпсалалы холдинг); 2006 жылдан бастап – қазіргі уақытқа дейін – «Элитстрой Групп» ЖШС президенті;
Футзал
Басқа қызметтері
2006-2007 жж. – «Қайрат» МФК президенті; Қазақстан Футбол федерациясының футзал және жағажай футболы комитетінің төрағасы;
Марапаттары
«ҚР Құрметті құрылысшысы» медалі (2007); «Ерен еңбегі үшін» медалі (2009); ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің «Алтын ордені» (2011); 2012 жылы Қайрат Оразбеков Монако княздығының Қазақстандағы құрметті консулы болып тағайындалды; «Футбол бойынша ұлттық спорт төрешісі» атағы; «ҚР Құрметті құрылысшысы» атағы.
Дереккөздер