Сергей Николаевич Громов (6 қаңтар 1959 жыл, Ақсу ауылы, Ақсу ауданы, Талдықорған облысы) — қазақстандық мемлекеттік қайраткер, Сенат төрағасының (2016—2019) және экология (2019—2021) мен қорғаныс министрінің орынбасары (2011—2013), экономика ғылымдарының кандидаты.

Өмірбаяны 1959 жылғы 6 қаңтарда Ақсу ауылы, Ақсу ауданы, Талдықорған облысы, Қазақ КСР, КСРО (қазіргі Жетісу облысы, Қазақстан) дүниеге келді.

Мансабы 1981–1983 — Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының оқытушысы, комсомол комитетінің хатшысы; қаңтар 1983–қараша 1983 — Қазақстан ЛКЖО Жамбыл облыстық комитетінің бөлім меңгерушісі; 1983–1985 — Жамбыл облысы Қазақстан ЛКЖО-ның Жуалы аудандық комитетінің бірінші хатшысы; 1985–1988 — Жамбыл облысы Жуалы ауданы, «Билікөл» совхозының партия комитетінің хатшысы; 1988–1991 — Жамбыл облысы Қазақстан Компартиясы Луговой аудандық комитетінің екінші хатшысы; 1991–1992 — Ресей Краснояр өлкесінің «Крымский» Агроөнеркәсіп комбинаты сыртқы экономикалық байланыстар тобының бас маманы; 1991–1993 — «Ресей аграрлық технологиялар» АҚ өндіріс жөніндегі бас директоры; 1993–1994 — «Алтрос» фирмасы» АҚ Бас директорының бірінші орынбасары; 1994–1996 — «Алтрос-Агро» фирмасы» ЖШС бас директоры; 1996–1997 — «Халықаралық жүйелік және технологиялық зерттеулер институты» ЖШС директорының сыртқы байланыстар жөніндегі орынбасары; 1997–1998 — «FE SAInt» фирмасының инвестициялар бойынша аға менеджері, «Союз-Мұнай» ЖШС өкілдігінің директоры; 1998–2001 — Жамбыл облысы Меркі ауданының әкімі; 2001–2003 — Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары; қаңтар 2003–маусым 2003 — Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша индустрия, сауда және шағын бизнесті қолдау департаментінің директоры; 2003–2007 — Қазақстан президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы; 2007–2008 — «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының (қазіргі Аманат) аппарат басшысы, төрағаның орынбасары; 2008–2011 — «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының (қазіргі Аманат) хатшысы; 2011–2013 — Қазақстан қорғаныс министрінің орынбасары; 2013–2016 — Қазақстан парламенті сенатының депутаты, халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі тұрақты комитетінің мүшесі; 2016–2019 — Қазақстан парламенті сенаты төрағасының орынбасары; 2019–2021 — Қазақстан экология, геология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары; 2021 — Сенат жанындағы сенаторлар кеңесінің мүшесі.

Білімі 1981 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын (қазіргі Тараз университеті) инженер-гидротехник, 1991 жылы Алматы саясаттану және менеджмент институтын (қазіргі КИМЭП) саясаткер және 2002 жылы Тараздағы Әулие-Ата университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдады.

Жеке өмірі Үйленген, екі баласы бар: қызы Людмила (1982 жылы туған) мен ұлы Сергей (1986 жылы туған) Громовтар.

Марапаттары мен атақтары Громовтың атақ пен марапат тізімі: Экономика ғылымдарының кандидаты Құрмет ордені Ерен еңбегі үшін медалі Достастық ордені

Дереккөздер

Санат:Қазақстан саясаткерлері Санат:Құрмет орденінің (Қазақстан) иегерлері Санат:Ерен еңбегі үшін медалінің (Қазақстан) иегерлері Санат:Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жанындағы Сенаторлар кеңесі мүшелері