Дональд Трамптың екінші ұлықталуы (немесе Дональд Трамптың екінші инаугурациясы; ) — 2025 жылғы 20 қаңтарда, дүйсенбі күні Вашингтондағы Капитолийдің батыс қасбетінде өткізілген Дональд Трамптың Америка Құрама Штаттарының жаңа 47-президенті ретінде ұлықталу рәсімі. Бұл шара Трампты президент ретінде екінші рет ұлықтау рәсімі және жалпы АҚШ президентін 60-рет ұлықтау рәсімі болды. Бұл Трамптың президент ретінде екінші және соңғы мерзімінің, Джей Ди Вэнстің 50-вице-президент ретіндегі бірінші мерзімінің және соңғы рет 1893 жылғы Гровер Кливлендтің екінші ұлықталуынан кейінгі алғаш рет АҚШ президентінің екі мерзімінің ортасында үзіліс жасай отырып ұлықталуын білдіреді.

Бұдан бұрынғы 2021 жылы өткен Джо Байденді ұлықтау рәсімі саяси, денсаулық сақтау, экономикалық және ұлттық қауіпсіздік дағдарыстарына, соның ішінде COVID-19 пандемиясына және 6 қаңтардағы Капитолийіге жасалған шабуылға байланысты едәуір қысқартылған болатын. Сол кездегі президент Трамп 2021 жылғы ұлықтау рәсіміне қатысқан жоқ.

Жоспарлануы Біріккен Конгресс комитеті 2024 жылғы мамырда Конгресстің екі палатасы да салтанатты рәсімдер мен мерекелер үшін қажет платформаның және басқа уақытша құрылымдардың құрылысын қадағалау үшін АКШ инаугурация рәсімдері жөніндегі Біріккен Конгресс комитетті тағайындады.

Ұлықтау рәсіміне арналған платформаның құрылысы 2024 жылғы қыркүйекте басталды.

Қауіпсіздік және операциялар Ұлықтау рәсімін жоспарлауға қатысатын агенттіктерге АҚШ Капитолий полициясы, Вашингтон елордалық полициясы және АҚШ саябақ полициясы кіреді деп күтілуде. Жиырма төрт штат АҚШ Ұлттық ұланына сайлаушылар дауысын сертификаттау және ұлықтау рәсімдері үшін қолдауларын ұсынды.

Қатысқандар Дональд Трамптың екінші ұлықталуына бұрынғы АҚШ президенттері Билл Клинтон, Джордж Уокер Буш, Барак Обама, бұрынғы вице-президенттері Дэн Куэйл мен Майк Пенс пен қазіргі президент Джо Байден пен вице-президент Камала Харрис қатысуда. Бұрынғы АҚШ Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон мен АҚШ Жоғарғы Сотының бүкіл мүшелері, соның ішінде оның төрағасы Джон Гловер Робертс те қатысып жатыр.

Іс-шараға, оған қоса, түрлі олигархтар мен шетелдік дипломат-өкілдер қатысты, соның ішінде Марк Цукерберг, Джефф Безос, Тим Кук, Сундар Пичаи мен Илон Маск және Аргентина президенті Хавиер Милей, Италия премьер-министрі Жоржиа Мелони, Қытай вице-президенті Хань Чжэн бар.

Дереккөздер

Санат:АҚШ президентінің ұлықталуы Санат:Дональд Трамптың екінші президенттігі