нобай| Түзеу жұмыстары — бұл сотталған адамды өндірген табысының белгілі бір бөлігін мемлекет пайдасына ұстап қалу арқылы еңбекке тарту.
Қылмыстық кодекстің 42-бабына сәйкес, түзеу жұмыстарын тағайындау кезінде сот олардың көлемін қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлығын, сотталған адамның мүліктік және отбасылық жағдайын ескере отырып айқындайды.
Түзеу жұмыстары сотталған адамның жалақысының 10-нан 50 пайызға дейінгісін ай сайын ұстап қалу және жәбірленушілерге өтеу қорына аудару арқылы орындалады.
Түзеу жұмыстары Қылмыстық кодекстің көптеген баптарының санкцияларында бас бостандығынан айыру жазасына балама жаза ретінде көрсетілген.Матай Алдиярхан. ҚР қылмыстық заңнамасы бойынша түзеу жұмыстарын қолданудың әлеуетін арттыру мәселелері
Тағы қараңыз Еңбекпен тәрбиелеу колониясы Қоғамдық жұмыстар Дереккөздер
Санат:Қылмыстық құқық Санат:Жазалар