Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету департамент - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің құрылымдық бөлімшесі. Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Департамент негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыруға қажетті өкілеттіктерге ие.

Департамент өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің заңдарын, актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.  

Тарихы 1997 жылы Әділет министрлігінің Ішкі әкімшілік департаменті болып құрылды.  Ішкі әкімшілік департаментін А. Төкеев, Б. Асқаров, А. Елмесов, Х.Д. Күшқалиев, А.Хамзин, О.Мұқанов, Б. Кесебаева, А.Төлеуханова, А.Кенжалиева, Қ.Баймаханов, А.Үмбеталиев, Д.Айтмұхаметов, А.Рысжанов, Р.Дубаев, Е.Қосмұратов, Е.Холмецкая кезеңмен басқарды.

Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету департаментін 2022 жылдың 5 желтоқсаннан бастап Гүлмира Болатқызы Тұрлыханова басқарады.

Міндеті Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің, аумақтық органдарының, ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметіне бақылауды жүзеге асыру, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен, ведомстволық бағынысты ұйымдар мен аумақтық органдарынан оларға жүктелген міндеттерді жүзеге асыруға қажетті ақпараттар мен материалдарды сұратып, өз құзыреті шегінде орындау үшін міндетті нұсқаулар береді.

Жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарауға сондай-ақ өтініш иелері көтерген жүйелі проблемаларға талдау жүргізу және оларды анықтау, заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімде азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңдық мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз ету, өтініштердің уақтылы қаралуына қажетті шараларды қабылдайды.

Министрлік басшылығының өз құзыреті шегінде шығарған бұйрықтарын, өкімдерін, шешімдері мен нұсқауларын орындау, жоғары тұрған органдар мен лауазымды тұлғалардың өз өкілеттігі шегінде шығарылған тапсырмалары бойынша орындалуын бақылауды жүзеге асырады.

Кеңестердің, алқалардың, жұмыс жоспарларының, Министрлік басшылығының жеке қабылдауларының хаттамаларынан шығатын іс-шаралар, өтініш берушілер көтерген жүйелік проблемаларды талдау және анықтау, келісуге келіп түсетін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, сондай-ақ мемлекеттік органдардың интранет – порталы арқылы мемлекеттік тіркеуге келіп түсетін орталық мемлекеттік органдардың бұйрықтарын тіркейді.

Министрлікке келіп түсетін жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу және бөлу, ведомстволар, құрылымдық, аумақтық бөлімшелеріне, ведомстволық бағынысты ұйымдарына тапсырмалардың орындалуын бақылау мәселелері бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсету Департаменттің міндетіне жатады.

Атқарушылық тәртіп бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Үкімет Аппаратының Бақылау қызметтерімен салыстырып тексеру жүргізу және атқарушылық тәртіпті жетілдіру мәселелері бойынша олармен өзара іс-қимыл жасап, бірыңғай техникалық саясат және құжаттармен жұмыс жасауда қазіргі заманғы техникалық құралдарды қолдану негізінде Министрліктің электрондық құжат айналымын басқарады.  

Министрліктің электрондық құпия емес құжат айналымын заңнамада белгіленген тәртіппен ұйымдастырады, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің, Вице-министрлердің, Аппарат басшысының, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелер мен ведомство басшыларының атына келіп түсетін кіріс және шығыс хат-хабарды өңдеу, тіркеу, олардың орындалуын уақтылы тапсырылуын қамтамасыз етеді.  

Министрдің, Вице-министрлердің, Аппарат басшысының қабылдау бөлмелерінің және ведомство және құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлерінің электрондық құжат айналымын жүргізу жөніндегі қызметін үйлестіріп, Министрлік басшылығының  бұйрықтарын тіркеп оларды сақтайды. Министрліктің ведомстволық архивінің жұмысын қамтамасыз етеді.

Құрылымдық бөлімшелердің номенклатурасы негізінде Министрліктің істер номенклатурасын жасау, Министрліктің ведомство, құрылымдық, аумақтық бөлімшелеріне, ведомстволық бағынысты ұйымдарына құжаттамамен қамтамасыз ету мәселелері бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсету, мемлекеттік тілде құжаттарды әзірлеу кезінде кеңестік көмек көрсету және олардың орыс тіліндегі мәтініне түпнұсқалылығын редакциялауды жүзеге асырады, қажет болған кезде Министрдің, Вице-министрлердің,  Аппарат басшысының баяндамаларын, сөз сөйлеулерін мемлекеттік тілге аударуды жүзеге асырады.

Министрліктің терминологиялық секциясының атына аумақтық әділет органдарының терминологиялық секциялары жіберген терминдерді қорытындылау және оларды  Республикалық терминологиялық комиссиясының қарауына жібереді.

Министрліктің ведомство, құрылымдық, аумақтық бөлімшелеріне, ведомстволық бағынысты ұйымдарына мемлекеттік тіл мәселелері бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді.

Департамент құрылымы, штат саны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды тұлғамен бекітіледі.

Департаменттің басқармалары

Құжаттарды бақылау басқармасы;   Құжаттарды есепке алу басқармасы; Өтініштермен жұмыс жөніндегі басқармасы; Мемлекеттік тілді дамыту басқармасы.