Сафа Герей (; 1640 қай.) — Қырым нұреддині (1637-1640), Қырым ханы I Саламат Герейдің (1608-1610) ұлы.

Өмірбаяны 1610 жылы әкесі І Саламат Герей хан қайтыс болғаннан кейін Сафа Герей аға-бауырларымен бірге Қырымды тастап, түрік иелігінде өмір сүрді. 1620 жылдары Сафа Герей бірнеше ағайындарымен бірге Топқапыдан Қырымға келіп, Жәнібек Герей ханның сарайында тұрады.

1632 жылы маусымда Сафа Герейдің үлкен ағасы, қалғай Азамат Герей Жәнібек Герей ханның бұйрығымен өлтірілді. Содан кейін хан нөкерлеріне ағайынды Мүбарак Герей мен Сафа Герейді өлтіруді бұйырды. Дивеев уәли-мырзаның ескертуімен Мүбарак пен Сафа түріктердің Орқапы мен Кефе бекіністеріне қашып кетеді. Осыдан соң Мүбарак пен Сафа Осман иелігіне кетуге мәжбүр болды.

1637 жылдың жазында Осман сұлтаны IV Мұрат жаңа Қырым ханы етіп Сафа Герейдің ағасы I Баһадүр Герейді тағайындады. I Баһадыр хан тағына бекіп, інілері Ислам Герей мен Сафа Герейді қалғай және нұреддин етіп тағайындайды.

Сол 1637 жылдың қыркүйегінде I Баһадүр Герей хан Ресей патшалығына үлкен жортуыл ұйымдастырды. Қырым әскерінің қолбасшысы болып нұреддин Сафа Герей тағайындалды. Сафа Герай басқарған 40 мың адамдық қырым татарларының әскері Үзім соқпағындағы Яблонов маңында салынған оңтүстік шекара сызығы арқылы шайқаспен бұзып кірді. Қырымдар мен ноғайлар Ливенский, Орловский, Карачевский, Болховский, Кромский, Новосильский уездері мен Комарицкий болысын ойрандады. 2281 адам тұтқынға алынды.

1639 жылдың көктемінде I Баһадүр Герей ханның бұйрығымен Сафа Герей әскерін бастап көтерілісші Мансұр билер әулетінің Қырым ұлыстарын талқандап, олардың барлық өкілдерін қырды.

1640 жылы нұреддин Сафа Герей Украинаның оң жағалауына қарсы Қырымның ірі жорығына қатысып, сол кезде қайтыс болдыГайворонский Олекса. Повелители двух материков, Киев-Бахчисарай, том 2, 2009 г. ISBN 9789662260038.

Сафа Герейдің артында екі ұлы қалды: Тоқтамыс Герей (1682 қай.) — қалғай (1678-1682) және Сафа Герей (1637-1703), нұреддин (1671-1678), қалғай (1682-1683) және Қырым ханы (1691-1661).

Әдебиет Новосельский А. А. Борьба Московского государства с татарами в 17 веке. — —: Издательство Академии наук СССР, 1948. Гайворонский Олекса. Повелители двух материков. — Т. 2. — Киев—Бахчисарай, 2009. — ISBN 9789662260038

Дереккөздер

Санат:Қырым хандығының нұреддиндері