Расул Берекетұлы Жұмалы (15 ақпан 1971, Алматы) — қазақстандық дипломат, II дәрежелі кеңесші.

Өмірбаяны 1971 жылы 15 ақпанда Алматыда дүниеге келді.

Білімі 1992 жылы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультетінің араб тілі кафедрасын тәмамдады.

Мансабы 1992—1996 — Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Таяу, Орта Шығыс және Африка басқармасының референті, атташесі, үшінші хатшысы; 1996—1998 — Қазақстанның Мысырдағы Елшілігінің үшінші хатшысы, екінші хатшысы; 1998—1999 — Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Азия, Таяу Шығыс және Африка басқармасының екінші хатшысы, бөлім бастығының міндетін атқарушысы; 1999—1999 — Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Екіжақты ынтымақтастық департаментінің бөлім бастығы; 1999—2000 — Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Баспасөз қызметі бөлімінің бастығы; 2000—2002 — Қазақстан премьер-министрінің баспасөз-хатшысы – Үкіметтік ақпарат бөлімінің меңгерушісі; 2002—2003 — Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы өкілдігінің бөлім бастығы; 2003—2004 — Қазақстанның Израильдегі Елшілігінің кеңесшісі; 2004—2005 — Қазақстанның Дубай қаласындағы (Біріккен Араб Әмірліктері) Бас консулы; 2006—2007 — Қазақстанның Ливиядағы елшісі; 2007—2008 — Еуразиялық банкирлер клубының атқарушы директоры; 2008 — «Эксклюзив» аналитикалық журналының редакторы; 2010—2011 — Қазақ тіліндегі «Япырай» танымдық журналының редакторы; 2010—2018 — Сүлеймен Демирель университетінің аға оқытушысы; 2019 — «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының» консультанты және Қазақстан президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі; 2020—2021 — Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультетінің оқытушысы; 2022 — Қазақстанның Ливандағы елшісі. Жеке өмірі

Үйленген, 2 баласы бар. Араб, ағылшын, орыс және қазақ тілдерін меңгерген.

Еңбектері “Орталық Азияның геосаясаты” монографиясы (2006; )..

Марапаттары мен атақтары II дәрежелі кеңесші..

Дереккөздер

Санат:Қазақстанның Ливандағы елшілері Санат:Қазақстанның Ливиядағы елшілері Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті оқытушылары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері