Иван Александрович Боровых (22 тамыз 1902 Старое Село ауылы, Кунгур уезі, Перм губерниясы - 1978) — кеңестік мемлекеттік қайраткер. Қазақ КСР азық-түлік өнеркәсібі халық комиссарының міндетін атқарушы.

Өмірбаяны Иван Александрович Боровых 1902 жылы 22 тамызда Перм губерниясының Кунгур уезіндегі Старое Село ауылында шаруаның отбасында дүниеге келген. Ұлты — орыс.

1913 жылы Кунгурдағы ауылдық шіркеу мектебін аяқтаған.

1919–1924 жылдары Кунгур уездік азық-түлік комитетінің көлік бөлімінің бастығы, Перм губерниясының азық-түлік комитетінің арнайы уәкілі.

1924–1927 жылдары Қызыл Армияда қызмет атқарды, Самара қаласындағы 7-байланыс полкінде ұйымдастырушы болды.

1927–1930 жылдары Самарадағы еңбек биржасының меңгерушісі.

1930–1933 жылдары Қазақ АКСР-нің Еңбек халық комиссарының орынбасары.

1933–1935 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысындағы Жаңақорған машина-трактор станциясының саяси бөлімінің бастығы.

1936–1938 жылдары Әр түрлі лауазымдарда жұмыс істеді: Риддер комбинатының еңбек бөлімінің меңгерушісі, Қазақ КСР астық өнеркәсібі басқармасының орынбасары, "Казплодвинимпорт" директоры, "Казхлеб" тресінің басқарушысы.

1938 жылғы наурыз–сәуір: Қазақ КСР азық-түлік өнеркәсібі халық комиссарының міндетін атқарушы болдыhttps://centrasia.org/person.php?st=1458722601.

1939 жылы Саяси қуғын-сүргінге ұшырады.

1941–1947 жылдары Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Сталинград майданында капитан атағында әскери комиссар болды. Соғыстан кейін әртүрлі салаларда жұмыс істеп, 1954 жылдан бастап Қазақ КСР Профсоюздар комитетінде қызмет атқарды.

1978 жылы қайтыс болды.

Марапаттары "Жауынгерлік ерлігі үшін" медалі (03.11.1944) "Қызыл Жұлдыз" ордені (06.08.1946) "1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін" медалі

Сілтеме "Қазақстан Халық Комиссарлары. 1920-1946: өмірбаяндық нұсқаулық", Алматы: Арыс, 2007. ISBN 9965-17-253-6

Дереккөздер

Санат:Қазақ КСР халық комиссарлары мен министрлері