«Татарстан Республикасына сіңірген еңбегі үшін» орденінің медалі () — Татарстан Республикасының мемлекеттік марапаты, 2015 жылдың 25 сәуірінде негізделіп, Татарстан Республикасының Райысы табыстайды.
Тарихы «Татарстан Республикасына сіңірген еңбегі үшін» орденінің медалі Татарстан Республикасының 2015 жылғы 25 сәуірдегі Татарстан Республикасының Президенті Р. Н. Минниханов қол қойып, Татарстан Республикасының мемлекеттік кеңесі қабылдаған Заңымен белгіленді. Бұл марапат Татарстанның марапаттау жүйесін жетілдіру аясында, атап айтқанда, «Татарстан Республикасына сіңірген еңбегі үшін» орденінің мәртебесін арттыру және оған «айрықша ерекшелік» беру мақсатында құрылды. Осылайша, орден алу үшін азаматтар, әдетте, орден медалінің иегері болуы тиіс. Медалдың сыртқы бейнесін Мемлекет басшысының 2015 жылғы 28 тамыздағы Жарлығымен белгіленген. Марапаттың әрленімін Татарстан Республикасы Президенті қарамағындағы Геральдикалық кеңес әзірлеген. 2020 жылғы жағдай бойынша, медалмен 530-дан астам адам марапатталды.
Жарғысы «Татарстан Республикасына сіңірген еңбегі үшін» орденінің медалімен Ресей Федерациясының азаматтары, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар «Татарстан Республикасының мемлекеттілігін дамытудағы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі, экономиканы, мәдениетті, ғылымды, білім беруді, денсаулық сақтауды, өнерді және спортты дамытудағы ерекше қызметтері үшін, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін сондай-ақ өмірге қауіпті жағдайда әскери, азаматтық және қызметтік борышын өтегені үшін, белсенді қоғамдық және қайырымдылық қызметі үшін марапатталады». Орденнен жоғары тұратын марапат «Достық» ордені, ал төменгі марапат — «Ерен еңбегі үшін» медалі. Медал кеуденің сол жағына Ресей Федерациясы менен КСРО ордендері мен медалдарынан кейін, сондай-ақ Татарстан Республикасының ордендерінен кейін тағылады. Орден жолағы орденді күнделікті киюге арналған, алайда орден мен орден жолағын бір уақытта тағуға рұқсат етілмейді. Орден жолағы да кеуденің сол жағына тағылып, КСРО менен Ресей Федерациясының ордендері мен медалдарынан, Татарстан Республикасының ордендерінен кейін орналасады.
Орденмен марапаттау Татарстанның басқа да мемлекеттік марапаттары сияқты мемлекеттік марапаттар жөніндегі тиісті комиссияның шешімімен Татарстан Республикасы райысының қаулысымен жүзеге асырылады, марапаттау туралы ресми хабарландыру «Татарстан Республикасы» газетінде жарияланады. Орденмен марапаттауды райыс немесе оның тапсырмасы бойынша тиісті салтанатты жағдайда басқа да лауазымды адамдар жасайды. Марапаттау қайтыс болғаннан кейін де берілуі мүмкін. Бұл ретте, сондай-ақ марапатталушының ұсынуға дейін қайтыс болуына байланысты, орден оның туыстарына естелік ретінде беріледі. Орденмен марапатталған адамдарға 200 рубл мөлшерінде ай сайынғы ақшалай төлем, тұрғын үй және коммуналдық қызметтер құнының 50 пайызы, телефон байланысы, радио, ұжымдық антенна құнының 100 пайызы мөлшерінде көмекқаржылар, сондай-ақ тегін тіс және есту протездері беріледі.
Сипаттамасы thumb|right|200px|Медалдің артқы жағы «Татарстан Республикасына сіңірген еңбегі үшін» орденінің медалі 925-сыныпты алтын жалатылған күмістен, екі жағынан жиекпен көмкерілген диаметрі 32 миллиметрлі шеңбер тәрізді келеді. Медалдың бет жағында «Татарстан Республикасына сіңірген еңбегі үшін» орденінің алтын жалатылған белгісі суреттелген. Медалдың артқы жағында ортада сан соғылған, ал шеңберді бойлай екі жолға екі жазу: жоғарғы жағында татар тілінде — «ТАТАРСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЛДЫНДАГЫ КАЗАНЫШЛАР ӨЧЕН», төменгі жағында орыс тілінде — «ЗА ЗАСЛУГИ ПЕРЕД РЕСПУБЛИКОЙ ТАТАРСТАН» деп жазылған. Барлық суреттер мен жазулар бедерлі келеді.
Медал қызғалдақ түріндегі сәндік күміс түстес құлақша мен шығыршық арқылы бесбұрышты тағанға бекітіледі. Төменгі бұрыштың жоғарғы жағынан жоғарғы жағының ортасына дейінгі тағанның биіктігі — 50 мм, үстіңгі жағының ұзындығы — 26 мм, бүйір жақтарының әрқайсысының ұзындығы — 39 мм, төменгі бұрышты құрайтын әр жақтың ұзындығы — 26 мм. Таған Татарстан Республикасының мемлекеттік туының пішініндегі жасыл-ақ-қызыл жібек қатқыл таспасымен тысталған. Таспаның ені — 24 мм, жасыл және қызыл жолақтардың ені — 11 мм, ақ жолақтың ені — 2 мм болып келеді. Медаль жолағы — медал тағанының таспасымен бірдей келетін қатқыл таспасымен тысталған өлшемі 10-нан 24 мм-ге дейінгі төртбұрышты таған болып келеді. Таспаның ортасында күміс түстес қызғалдақ бейнесі суреттелген. Қызыл және жасыл жолақтардың ені 11 мм, ақ жолақтың ені — 2 мм.
Дереккөздер
Санат:Татарстан Республикасына сіңірген еңбегі үшін орденінің медалі